Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бекітілді.

Атап айтқанда, мыналардан тұрады:

 

      1) "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      2) "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      3) "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      4) "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      5) "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      6) "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      7) "Жер учаскесінің сапалы жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      8) "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      9) "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      10) "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      11) "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      12) "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      13) "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      14) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      16) "Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзекті ету (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      17) "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      18) "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      19) "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      20) "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      21) "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады:

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021366

Дата публикации
19 марта 2026