Серебрянск қаласы әкімінің 2026 жылғы есеп беру кездесулерінде айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Серебрянск қаласы әкімінің

2026 жылғы 02 ақпандағы

№ 22 өкіміне

қосымша

 

 

Серебрянск қаласы әкімінің 2026 жылғы есеп беру кездесулерінде айтылған

тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Айтылған

пікірлер/ұсыныстар

Орындау мерзімі

Орындау үшін

жауапты

Орындаудың болжамды барысы

1.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттан істің нәтижесін алу мәселесін қарастыру, қалаішілік маршрутты қайта іске қосу мәселесін шешу

2026 жылғы 30 маусымға дейін

Әкім орынбасары Короткова К.К.

Шығыс – Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта қаралған істің нәтижелері туралы ақпарат алу үшін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысына (Жуанғанов Қ.А.) ресми сұрау жолдау. Сот актісі алынғаннан кейін конкурс жарияланғанға дейін жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жөнінде шарт жасасу және қалаішілік маршрутты қайта іске қосу туралы «Алтай ауданының ТҮШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ-не хат жолдау.

2.

Тимофеева және Привокзальная көшелерін жарықтандыру мәселесін шешу

2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін

Бас маман Нургалиев М.А.

Серебрянск қаласындағы Тимофеева және Привокзальная көшелерін жарықтандыру жобасын әзірлеу мәселесі бойынша іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, Алтай ауданының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-не (Гаврилов Ю.А.) хат жолдау.

3.

Серебрянская көшесі, 151-үй мекенжайы бойынша автотұрақ ұйымдастыру

2026 жылғы 30 желтоқсанға дейін

Бас мамандар Ерохина Е.А., Курган Е.С.

Серебрянская көшесі, 151-үй мекенжайы бойынша автотұрақ салуға арналған сметалық құжаттаманы әзірлеу, бюджеттік өтінім дайындау және жолдау.

 

                                              

Серебрянск қаласы әкімінің 2026 жылғы есеп беру кездесулерінде айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Дата публикации
06 февраля 2026