Алтай ауданы әкімінің Серебрянск қаласының тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі 2025 жылдың 2 жартыжылдығына Іс-шаралар жоспары

 

Алтай ауданы әкімінің Серебрянск қаласының

тұрғындарымен кездесу қорытындысы

бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі

2025 жылдың 2 жартыжылдығына

 Іс-шаралар жоспары

 

 

№

Сұрақ

Шешім қабылдау кезеңі

Жауапты орындаушы

Орындау

1.      

Бос (пайдаланылмайтын) тұрғын үйлердің иелерін және техникалық жағдайын анықтау және әрі қарай пайдаланудың ықтимал нұсқаларын анықтау немесе коммуналдық меншік ретінде тіркеу үшін тексеру жүргізу, барлау нәтижелері бойынша объектілердің техникалық жағдайы туралы есептерді жасау.

Мерзімі 20.12.2025 жылға дейін

Серебрянск қаласының әкімі (Бакынова Н.А.), Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасының басшысымен (Гаврилов Ю.А.), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысымен (Жуанғанов Қ.А.), «Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысымен (келісім бойынша Абдрахманов А.Р.)бірге .

Орындалуда

Серебрянск қаласында орналасқан бос және қараусыз қалған көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу және хаттамалар жасау қажеттігі туралы Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасының басшысы  Ю.А.Гавриловке, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қ.А.Жуанғановқа, «Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Р.Абдрахмановқа

2025 жылғы 15 желтоқсанда шығыс нөмірі № 02-16/1166   хат жолданды.

2.      

Теміржол вокзалы шегінде жолаушылар үшін  күту залын ұйымдастыру мүмкіндігін, оның ішінде жылытылатын күту вагонын (модуль) орнату мүмкіндігін қарастыру.

Мерзімі  20.11.2025 жылға дейін

Серебрянск қаласының әкімі

(Бакынова Н.А.)

Шешілді

2025 жылдың қарашасында теміржол вокзалы аумағындағы қараусыз қалған ғимарат (бұрынғы дүкен) жолаушылар үшін  күту залы ретінде пайдалану үшін жөнделді. Жұмыс барысында үй-жайларды тиісті техникалық жағдайға келтіру бойынша шаралар қабылданды, жылыту жабдықтары (жылыту  пушкасы) орнатылды. Қазіргі уақытта жолаушыларды белгіленген орындарда орналастыру және пойыздарды күту мүмкіндігі қарастырылған.

3.      

Новая көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу оның ішінде, жол төсемдерін қалпына келтіру және іргелес аумақты абаттандыру мақсатында,техникалық тексеру жүргізу және жобалау-іздестіру жұмыстарының құнын есептеу үшін ақшалай қаражат бөлуге өтінім беру.

Мерзімі  30.10.2026 жылға дейін

 Серебрянск қаласының әкімі (Бакынова Н.А.)

 

4.      

Қала ішіндегі қауіпті және қураған ағаштарды кесуге қаржы бөлу.

Мерзімі 30.10.2026 жылға дейін

Серебрянск қаласының әкімі

(Бакынова Н.А.)

 

5.      

Қала ішіндегі қаңғыбас иттерді ұстау шараларын қабылдау.

Мерзімі 30.04.2026 жылға дейін

Серебрянск қаласының әкімі (Бакынова Н.А.)

 

6.      

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  жылжымайтын мүлік иелерінің серіктестіктеріне (ПИК) көшу бөлігін және КСК қайта тіркеу тәртібін түсіндіру бойынша  Серебрянск қаласының ҚСК төрағасы А.В. Свиридовпен бірге Серебрянск қаласының тұрғындарымен кездесу ұйымдастыру.

Мерзімі 14.11.2025 жылға дейін

Алтай ауданы әкімінің орынбасары (З.М.Шаухин), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысымен (Қ.А. Жуанғанов) бірге.

Шешілді

2025 жылғы 12 қарашада «М.В.Инюшин атындағы №1 орта мектебі» КММ акт залында жиналыс өтіп, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы»заңнамасына кейбір өзгерістер мен толықтырулар бойынша атап айтқанда, басқарудың OСИ формасына көшумен байланысты түсініктемелер берілді.   Кездесуге Алтай ауданының №2 сотының төрағасы С.Ж. Жангелов, Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Оконешников И.Г., Алтай ауданының прокуроры Ященко Н.В., Серебрянск қаласының ҚСК төрағасы Свиридов А.А. және Новая Бұқтырма кентінің ПҚКО және қызмет көрсету бөлімінің өкілі Заичкина Г.Н., Перевалов А.А. қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша «Серебрянск» тұрғын үй кооперативінің төрағасы «Е-Өтініш» бағдарламасы арқылы сұрақтарды Алтай аудандық тұрғын үй инспекциясына ресми жауап алу үшін жолдайды деп шешілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алтай ауданы әкімінің Серебрянск қаласының тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі 2025 жылдың 2 жартыжылдығына Іс-шаралар жоспары
Дата публикации
16 января 2026