Алтай ауданы әкімінің Серебрянск қаласының тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына Іс-шаралар жоспары

Алтай ауданы әкімінің Серебрянск қаласының тұрғындарымен кездесу

қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі

2025 жылдың бірінші жартыжылдығына

 Іс-шаралар жоспары

 

№

Сұрақ

Шешім қабылдау кезеңі

Жауапты орындаушы

Орындау

1.      

Серебрянск қаласында психологиялық түзету кабинетін ашу мәселесін қарастыру.

Мерзімі 30.12.2025 жылға дейін

Серебрянск қаласының әкімі (Бакынова Н.А.)

«Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытының бұрынғы әкімшілік ғимаратын мәдени, спорт және демалыс орталығына қайта құру»жобасының аяқталу мерзімдерінің өзгеруіне байланысты бұл мәселені іске асыру мерзімі кейінге шегерілді, пайдалануға беру 2026 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған.

Серебрянск қаласында жобаға сәйкес мәдени-демалыс орталығының базасында психологиялық түзету кабинетін ашу жоспарлануда.

2.      

9 мамырға дейін ескерткішті тазалап, Мәслихат сессиясы  001 «Серебрянск қаласы әкімінің аппаратын қамтамасыз ету» бағдарламасынан 011 «Елді елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасына қаржы аударған соң жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Мерзімі  30.08.2025 жылға дейін

Серебрянск қаласының әкімі (Бакынова Н.А.)

Шешілді

«Алтай ауданының 2025 -2027жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» «Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/2-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Алтай ауданы мәслихатының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 27/2-VIII шешімімен  001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасынан  сомасы 15 000,00 мың теңге қаражат 011 «Елді елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасына аударылды.

Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 12 297,60 мың теңге сомасына Серебрянск қаласының қалалық алаңындағы ҰОС мемориалын ағымдағы жөндеуге 2025 жылғы 12 мамырдағы № 79 келісім-шарт жасалды.Аяқталған жұмыс 2025 жылғы 5 тамыздағы № 250079/00/2 актімен қабылданды. Төлем 2025 жылғы 6 тамызда жүргізілді.

3.      

 Оқушылар арасында жаяу жүргіншілер үшін жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Мерзімі  30.04.2025 жыл дейін

Серебрянск қаласының әкімі (Н.А. Бақынова), «Серебрянск қаласының № 4 орта мектебі» КММ директорымен (Е.Б. Ұябасаров) бірге.

Шешілді

2025 жылдың 21 сәуірінде «Серебрянск қаласының № 4 орта мектебі» ММ-мен бірлесіп 5–11 сынып оқушыларымен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Іс-шараға жергілікті учаскелік полиция өкілі,  кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы полиция майоры Ақмарал Маратқызы Камзина қатысып, жол қауіпсіздігі ережелерін және оны бұзғандарға қолданылатын жазаларды түсіндірді.

 

Алтай ауданы әкімінің Серебрянск қаласының тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына Іс-шаралар жоспары
Дата публикации
16 января 2026