Алтай ауданы Прибрежный ауылы әкімінің аппараты ММ-нің 2025жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 

Алтай ауданы Прибрежный ауылы әкімінің аппараты

ММ-нің 2025жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 05 Ақпанда № 19982 болып тіркелген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ бұйрығына сәйкес Алтай ауданы Прибрежный ауылы әкімінің аппараты

мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға 2025 жылы 16 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде:                                                                       

- Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы - 11;

- балама негізде қағаз түрінде - 4.

Балама негізінде көрсетілетін қызметтер санынан Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесі 70%  құрады.

Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 11;       

- «Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру» («кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» болып өзгертілді) - 1;

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 03.

         2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

 

 

Прибрежный ауылдық әкімі                                                     В.Г.Молотков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
16 апреля 2026