Алтай ауданы Прибрежный ауылы әкімінің аппараты ММ-нің 2024жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

Алтай ауданы Прибрежный ауылы әкімінің аппараты

ММ-нің 2024жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 05 Ақпанда № 19982 болып тіркелген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39Н/Қ бұйрығына сәйкес Алтай ауданы Прибрежный ауылы әкімінің аппараты

мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға 2024 жылы 17 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде:                                                                       

- Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы - 10;

- балама негізде қағаз түрінде - 7.

Балама негізінде көрсетілетін қызметтер санынан Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесі 80%  құрады.

Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 12;       

- «Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру» («кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» болып өзгертілді) - 3;

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 02.

         2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

 

Прибрежный ауылдық әкімі                                                     М.Лукпанов

 

 

Алтай ауданы Прибрежный ауылы әкімінің аппараты ММ-нің 2024жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
Дата публикации
01 апреля 2025