Алтай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы ___ақпандағы
№ ___ қаулысымен бекітілді
«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Прибрежный кенті
әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1) Прибрежный кентінің бюджетін жоспарлауды және орындауды қамтамасыз етеді;
2) Прибрежный кенті бюджетінің орындалуы туралы жергілікті қоғамдастық жиналысына және Алтай ауданының мәслихатына есеп береді;
3) жергілікті қоғамдастықтың даму бағдарламасын әзірлеп және жергілікті қоғамдастық жиналысына бекітуге ұсынады;
4) азаматтардың жүгінулерін, өтініштерін, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқығын және бостандығын қорғау бойынша шаралар қабылдайды;
5) бюджетке салықты және өзге міндетті төлемдерді жинауға ықпал етеді;
6) азаматтар және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілері нормаларын, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына ықпал етеді;
7) өзінің құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
8) Прибрежный кентіндегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сонымен қатар Прибрежный кентіндегі автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жабдықтауы мен жөндеуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
9) шаруа және фермерлік қожалықтарды ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметтің дамуына ықпал етеді;
10) өзінің құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сонымен қатар азаматтық қорғаныс саласындағы сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
11) тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
12) аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту бойынша, атаулы әлеуметтік көмек беру бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз тұлғаларға үйдегі қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
13) қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелерден босап шыққан тұлғалардың, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың жұмысқа тұруына ықпал етеді, сонымен қатар оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге көмек көрсетеді;
14) мүгедектерге көмек ұйымдастырады;
15) қоғамдық жұмыстарды, жастар іс-тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
16) дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестігімен бірлесіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
17) мүгедектердің қоғамдық бірлестігімен бірлесіп мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
18) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
19) тұрғындардың әлеуметтік жағынан осал тобына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
20) «Алтын алқа» белгісімен марапатталған аналарға тұрғын үй бөлуге ықпал етеді;
21) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте, жазаның осы түрі бойынша сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
22) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді;
23) қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастырады;
24) жергілікті өзін өзі басқару органдарымен өз ара іс әрекет етеді;
25) Прибрежный кентін абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
26) туысы жоқтарды көму және зираттар мен басқа жерлеу орындарын қалыпты жағдайда күтіп ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
27) кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
28) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда олардың спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
29) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейін сатып алу құқығынсыз басқаруға берілген аудандық коммуналды мүлікті мүліктік жалға береді (жалға алу);
30) берілген коммуналды мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
31) берілген аудандық коммуналды заңды тұлғалармен басқаруды жүзеге асырады;
32) Прибрежный кентінің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
33) аудан әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша Прибрежный кентіндегі апаттық үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
34) елді мекен жерінен мал жайылымы үшін орын белгілейді;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, ветеринарлық пункттерді қызметтік бөлмелермен қамтамасыз етеді;
36) Прибрежный кентіндегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін, сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
37) мемлекеттік қызметтің стандартына және регалментіне қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
38) мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды ашық, қолжетімді түрде ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;
39) қызмет алушылардың мемлекеттік қызметті көрсету сұрағы бойынша жүгінулерін қарайды;
40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіп мен мерзімде, мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасына бағалау жүргізу үшін, және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу нәтижесі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін мемлекетік қызметтің сапасына ішкі бақылауды жүргізеді;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың тәуекеліне ішкі талдау жүргізуді жүзеге асырады;
43) «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 729-бабының 3-тармағымен көзделген әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша хаттамалар құрады;
44) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) мемлекеттік органдардағы және өзге ұйымдардағы лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге материалдарды сұрауға және алуға;
2) мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алуға және жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттар, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базасын пайдалануға;
4) шарттар, келісімдер жасауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға;
1) іс жүзіндегі заңнамаға сәйкес тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті сапалы ұсынуға;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге орталық атқарушы органдардың, облыс әкімі мен әкімдіктің, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудан маңызы бар қала, село, кент, селолық округ әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындауға;
3) іс жүзіндегі заңнамамен көзделген өзге міндеттерді жүзеге асыруға.
1) әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысында немесе жергілікті қоғамдастық жиындарында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3) Прибрежный кентінің бюджетін жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды;
4) сәйкес территория аумағында малдардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу шаралары мен карантин белгілеу туралы шешім қабылдайды;
5) сәйкес территория аумағындағы малдардың жұқпалы ауру көздерін жою бойынша жүргізілген кешенді ветеринарлық іс-шаралардан кейін бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу шаралары мен карантинды алып тастау туралы шешім қабылдайды;
6) «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексімен көзделген әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік құқықбұзу туралы істерді қарап және әкімшілік жаза қолданады;
7) Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы заңнамамен көзделгендей бюджеттік қаражатты үнемдеу және (немесе) түсу есебінен, келісім шарт бойынша жұмыскерлерді жұмысқа қабылдайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметшілерді іс-сапарға жіберу, тәртіптік жауапкершілікке тарту, демалыс беру, материалдық көмек көрсету және мадақтау сұрақтарын шешеді, жұмыстан шектетеді;
9) шарттар және келісімдер жасайды, төлем құжаттарына қол қояды, сенімхаттар береді;
10) әкім аппаратын мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұсынады;
11) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге нормативтік-құқықтық актілерімен жүктелген өзге өкілеттікті жүзеге асырады.
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.