Қазақстан Республикасы Cыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің 2023–2027 жылдарға арналған
даму жоспарын іске асыру туралы есеп
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Төрағасының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №479 бұйрығымен бекітілген
Есеп кезеңі: 2023 жыл
|
Нысаналы индикатордың атауы |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
Есептік кезең |
Ескертпе (орындалуы/орындалмауы туралы ақпарат) |
|
|
Жоспар |
Факт |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 стратегиялық бағыт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл |
|||||
|
1.1-мақсат. Сыбайлас жемқорлық деңгейін және оның қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігіндегі көріністері үшін жасалатын жағдайларды азайту |
|||||
|
Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі (Corruption Perception Index, Transparency International) |
Transparency International |
балл |
43 |
39 |
Қол жеткізілмеді. Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде Қазақстан 39 балл алды. Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрестегі, оның ішінде құқықтық реформалар жүргізу және жемқорылған активтерді қайтару жолындағы ілгерілеуі байқалады. Transparency International ұйымы сот жүйесінің айқындығын арттыруды, сондай-ақ кеңауқымды демократиялық реформалар ұсынады. |
|
Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге жеке септігін қосуға дайын екендігін білдірген азаматтардың үлесі |
Әлеуметтанушылық сұрастыру нәтижелері |
% |
66 |
66 |
Қол жеткізілді. 2023 жылдың соңында «Аманат» зерттеу қызметтері орталығы» ЖШС жүргізген әлеуметтік зерттеу азаматтардың 66%-ының сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге жеке үлес қосуға дайын екендіктерін көрсетті. |
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалған үлесі |
Агенттіктің ведомстволық деректері |
% |
80 |
84,7 |
Қол жеткізілді. 2023 жылы 1 737 ұсыным іске асырылуға тиіс болды, оның ішінде 1 472-сі немесе 84,7%-ы орындалды. |
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге енгізілген ұсынымдардың үлесі |
Агенттіктің ведомстволық деректері |
% |
52 |
55,5 |
Қол жеткізілді. 6 865 НҚА жобасы бойынша сараптама жүргізілді, онда 7 779 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Қабылданған (тіркелген) НҚА-да ескерілген ұсынымдардың үлесі – 55,5%. |
|
Өткен 12 айда кемінде бір рет мемлекеттік лауазымды адаммен байланыс жасаған және мемлекеттік лауазымды адамға пара төлеген немесе осы мемлекеттік лауазымды адам пара талап еткен адамдардың үлесі |
Әлеуметтанушылық сұрастыру нәтижелері |
|
29,6 |
28,2 |
2023 жылдың соңында «Аманат» зерттеу қызметтері орталығы» ЖШС жүргізген әлеуметтанулық зерттеу 2023 жылғы азаматтардың 28,2%-ының мемлекеттік лауазымды адаммен кемінде бір рет байланыста болғанын және мемлекеттік лауазымды адамға пара төлегенін немесе осы мемлекеттік лауазымды адам пара талап еткенін көрсетті. |
|
Қаржыландыру көздері |
Жоспар, млн. теңге |
Нақты, млн. теңге |
Пайдаланылмау себептері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Республикалық бюджет |
36 581,7 |
36 295 |
1. Мемлекеттік органның функцияларын қамтамасыз етуге бағытталған бюджет қаражаттары (001, 002, 015 бюджеттік бағдарламалар). Орындалу 99,2 %-ды құрайды (жоспар – 36 566,4; факт – 36 279,7), бұл ретте ауытқу 286,7 млн теңге, оның ішінде: 251,6 млн теңге – мемлекеттік сатып алудан үнемдеү, төлем алушылардың нақты көлемдері, еңбекақы қоры; 34,3 млн теңге – төлем көрсетілген қызметтердің нақты көлемі үшін жасалды; 0,8 млн теңге – арнайы шығындар бабы бойынша. 2. Бөлінген бюджеттік бағдарламалар (101, 138, 164 бюджеттік бағдарламалар). Орындалу 100 %-ды құрайды (жоспар – 15,3; факт – 15,3). |
|
Жиыны: |
36 581,7 |
36 295 |
|
СЖЖ-нің 120-тармағына сәйкес, Агенттік 2023 жылға арналған операциялық жоспардың орындалуын талдау негізінде, даму жоспарының іске асырылуына мониторинг жүргізді.
Жалпы, 2023 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша олардың алғышарттарын жоюға баса назар аудара отырып, жүйелі жұмысты жалғастырды.
Осылайша, алдын алу жұмыстары шеңберінде 248 талдау мен мониторинг жүргізілді, оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 1 905 ұсыным мен ұсыныс енгізілді.
2023 жылы Агенттік пен аумақтық департаменттердің мониторингінде 89 талдау объектісі болды (орталық деңгейде 12, өңірлік деңгейде 77).
1 737 ұсыным іске асырылуға тиіс болды, оның ішінде 1 472-сі немесе 84,7%-ы орындалды (орталық деңгейде 623 ұсынымның 506-сы орындалды (81,2 %), өңірлік ұсынымда 1114 ұсынымның 966-сы орындалды (86,7 %).
Жер қатынастары, құрылыс, білім және ғылым салаларында сыртқы талдаулар аяқталды.
Ғылымды қаржыландыру саласында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына ықпал ететін елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленді. Олар жобаларды іріктеудің ашықтығымен, оларды іске асырудың формальдылығымен, нәтижелер үшін жауапкершіліктің болмауымен, зерттеу нәтижелерінің төмен сұранысымен байланысты.
Талдау нәтижелері бойынша 100-ден астам ұсыным әзірленді, оларды қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік орган жоюда.
Алматы қаласының тау бөктеріндегі аймақтарында жер учаскелерін салу және бөлу саласында жүйелі тәуекелдер анықталды. Агенттіктің ұсынымдары бойынша қаланың жаңа Бас жоспары бекітілді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерінің нақты шекаралары белгіленді, МӘСҚ субъектілерінің жауапкершілігін күшейту, «е-Qurylys» АЖ арқылы құрылысты бақылауды енгізу, сондай-ақ қала құрылысы жобаларын ТЖМ-мен келісу бойынша шаралар қабылдануда (заң жобалары Парламент Мәжілісінде).
Білім беру саласында бюджетті жоспарлау процесін цифрландыру үшін құқықтық жағдайлар жасалды, Мемлекеттік органдардың дерекқорларын интеграциялау жүргізілді (әділет, денсаулық сақтау және еңбек министрліктері, құқықтық статистика органдары және т.б.).
Бухгалтерлік есептің цифрлық жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процесі (мектептен бастап бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға дейін) толық автоматтандырылды, қызметкерлердің келуіне цифрлық бақылау, негізсіз төлемдерді бұғаттау және қазынашылық деректерін бухгалтерлік жүйелермен салыстыру тетіктері енгізілді (үш облыста – Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында іске асырылуда).
Бизнесті қорғау бойынша кешенді жұмыс жалғасуда. «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде 618 проблемалық мәселе шешілді, оның ішінде 34 жүйелік сипаттағы кейс. 30 мыңға жуық кәсіпкерге көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру кезінде жұртшылықпен өзара іс-қимыл күшейтілді. Оған 2,5 мыңға жуық белсенді азамат қатысады.
Олар тұрғын үйлерді, балалар алаңдарын, автомобиль жолдарын, жатақханаларды, ТКШ объектілерін абаттандыруға мониторинг жүргізу бойынша 130-дан астам іс-шара өткізді. Тауарлар мен корсетілетін қызметтерге бағаны 782 млн теңгеге көтеру тәуекелдерінің алдын алды.
Бұл жоба қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлін арттыруға ықпал етеді.
Іске асыруға миллиардаған бюджет қаражаты бөлінген әлеуметтік-сезімтал салалардағы тәуекелді құрылыс объектілерінің мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда.
Жымқыруға жол бермеу мақсатында, жалпы бюджеті 2,3 трлн теңгені құрайтын, құрылысы ұзақка сөзылған 156 объект алынды.
Оларды салу барысы туралы мәселелер өңірлердің әкімдері мен қоғамдық кеңестердің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарына шығарылады.
Қабылданған шаралар өткен жылы 31 қауіпті объектінің (сумен жабдықтау, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мектептер, медициналық мекемелер, тұрғын үйлер және т.б.) құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді.
Мысалға, құрылысы бір жылдан үш жылға дейін созылған Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының 10 ауылында су құбыры желілері пайдалануға берілді.
Батыс Қазақстан облысында екі жылға созылған Қазталовка ауылында орта мектептің (600 орындық) құрылысы аяқталды, Ақтөбе облысында (Шалқар қ.) 5 жылдан астам уақыт бойы аяқталмаған мектеп құрылысын (320 орындық) аяқтады.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Білім беру бағдарламалары енгізілуде, түрлі мақсатты топтарды қамтитын арнайы коммуникациялық жоспар қабылданды.
Заңның үстемдігін және сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.
Көрсеткіштер үшін жарыс алынып тасталды, қылмыстық топтарды әшкерелеуге, ауқымды сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтауға баса назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1099 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді (1118). Сыбайлас жемқорлықта 987 адам (1016) әшкереленді, оның 145-і әртүрлі деңгейдегі басшылар (164). Олардың 10-ы республикалық,
69-ы облыстық, 60-ы аудандық және қалалық буындардың басшылары. 678 адам сотталды (498).
2022 жылдан бастап мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 988,4 млрд теңге сомасына мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілді, оның ішінде 256,6 млрд теңге бюджетке тікелей ақшамен өтелді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жалғасуда.
Жалпы, қазіргі уақытта 61 іс-шараның 31 тармағы 51%-ы немесе толық орындалды.
Мәселен, шенеуніктерді негізсіз байытқаны үшін жауапкершілікке тарту тетігі заңнамалық түрде көзделген, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау кепілдіктері күшейтілген, НҚА жобаларына цифрлық сараптама енгізілген.
Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізу мақсатында, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау енгізілді.
Пара беру уәдесін/ұсынысын қылмыс деп тану, заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейту, сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу, мүдделер қақтығысын регламенттеу және басқа да бірқатар бастамалар бойынша заңнамалық түзетулер Парламент Мәжілісінің қарауында.
Осылайша, Даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жоспарланған барлық іс-шара толық көлемде орындалды (МЖЖ-нің 22-тармағы).
«Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі (Corruption Perceptions Index, Transparency International)» (бұдан әрі – СЖТИ) макроиндикаторы бойынша Қазақстанның ұстанымы 3 баллға жақсарды, алайда, жоспарлы мәнге қол жеткізілмеді (жоспар – 43, факт – 39). Қазақстанмен қатар 4 ел (Үндістан, Мальдив аралдары, Лесото) 39 балл алды. Барлығы 93-орында.
«Шығыс Еуропа және Орталық Азия» өңірінің орташа балы (19 ел) 35.
Аймақтағы көшбасшылар – Грузия (53), Армения (47), Черногория (46).
Түрікменстан (18) аймақта бір төмен көрсеткішке ие.
Алдыңғы индекстермен салыстырғанда, Армения (47), Черногория (46), Молдова және Солтүстік Македония (42), Албания (37), Украина (36), Босния және Герцегова (35) және Өзбекстан (33) көрсеткіштерін жақсартты.
Косово (41), Сербия (36), Әзірбайжан (23) рейтингті сақтап қалды.
Ұпай жоғалтты – Беларусь (37), Түркия (34), Ресей (26), Қырғызстан (26), Тәжікстан (20), Түрікменстан (18).
Осылайша, Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді.
СЖТИ композиттік индекс болып табылады – Қазақстанның рейтингін шығару үшін, 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылады.
Біріншіден, ағымдағы рейтингтің жоғарылауы (36 – дан 39 – ға дейін) PRS Group консалтингтік компанияларының (ірі бизнес үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері – 67 балл) және IHS (саяси жүйе призмасы арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері – 47 балл) жоғары балының сақталуына, сондай-ақ «Заң үстемдігі индексінің» (37 балл) сақталуына байланысты.
Екіншіден, «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жылнамасы» (56-дан 62-ге дейін өсті) және Дүниежүзілік экономикалық форум (26-дан 30-ға дейін) шеңберінде IMD халықаралық менеджментті дамыту институтының бағасы жақсарды.
Бұл көрсеткіштер кәсіпкерлерді сұрастыру негізінде анықталады.
V-Dim демократиялық реформалар жобасының бағасы да алғаш рет айтарлықтай өсті (18-ден 29-ға дейін).
«Economist Intelligence Unit» талдамалық агенттігінің (20), «Freedom House» американдық құқық қорғау ұйымының («өтпелі кезең елдері» есебі) (24) және Бертельсман Қорының «Трансформация индексі» (33).
Осылайша, «Транспаренси Интернешнл» ұйымы Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрестегі, оның ішінде құқықтық реформалар жүргізу және жымқырылған активтерді қайтару жолындағы ілгерілеуін атап өтуде.
Сонымен қатар, сот жүйесінің айқындығын арттыру, сондай-ақ кеңірек демократиялық реформалар ұсынылады.
Сондай ақ, зерттеулердің өзі сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтауға емес, оны қабылдауға бағытталған. Яғни, сарапшылардың шектеулі тобын бағалау кезінде ресми статистикаға, жаңалықтар ақпаратына ғана емес, құқық қорғаушылар мен журналистердің пікіріне де назар аударылады.
Бірқатар зерттеулерде бағалауды есептеудің нақты межелігі және елдегі сыбайлас жемқорлық саласын бағалайтын ашық критерийлер жоқ, бұл талдаушылардың субъективті пікірін білдіруге мүмкіндік береді (BTI, V-Dem, Freedom House және т.б.).
Кәсіпкерлерді (WEF, IMD) сурастыруды қоспағанда, рейтингтер саяси реформалар мен демократияландыру (оның ішінде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі, Парламенттің айқындығы, сот жүйесінің, мемлекеттік аудит органдарының толыққанды тәуелсіздігі, БАҚ бостандығы, қоғамдық бақылау, саяси партияларды қаржыландыру), мемлекеттің экономиканы басқаруға қатысуы (оның ішінде сапа) призмасы арқылы, сыбайлас жемқорлықты түйсінуді бағалайды бюджеттік жоспарлау және қаражатты игеру жүйелері), непотизм және бюрократияландыруды (оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мүдделер қақтығысын реттеу және басқа да мәселелер.
Осылайша, СЖТИ-дағы балдардың өсуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыретінен тыс көрсетілген бағыттардың және жалпы алғанда, ұлттық заңнамада көзделген «сыбайлас жемқорлық» ұғымының сапалы жақсаруына тікелей байланысты.
СЖТИ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының тиімділігінғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың сапасы мен тазалығын көрсетеді.
Тұжырымдар мен ұсыныстар
СЖТИ нәтижелеріне бірқатар сыртқы факторлардың (геосаясат, басқа елдердегі динамика және т. б.) елеулі әсерін назарға ала отырып, Агенттік Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарының жобасына СЖРА-да ұсыныстар енгізу шеңберінде Transparency International өзі қолданатын ауқымды тәсілге көшуді ұсынды (диапазондар 10 баллдық қадаммен сараланған, яғни, мысалға, 20-29, 30-39, 40-49 және т. б.).
Әр жылға арналған диапазондық мәндерді қолдану тәжірибесі Дүниежүзілік Банктің мемлекеттік басқару тиімділігі индексі және World Justice Project нұсқасы бойынша Заң Үстемдігі индексі шеңберіндегі стратегиялық көрсеткіштер картасына енгізілген.
Біздің еліміз тұрғысынан 9 ұйым бөлінісіндегі ағымдағы рейтингтік бағалар мен критерийлерді ескере отырып, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында Қазақстанның СЖТИ-дағы позицияларының мынадай жоспарлы мәндерін белгілеу ұсынылады: 2023-2026 жылдарға – 30-39 балл ауқымында, 2027-2030 жылдарға – 40-49 балл.
Төрағаның міндетін
уақытша атқарушы Ұ. Сарқұлов