Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 36/412-VI бірлескен шешімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 84 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 6819 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "Алтай ауданындағы ауыл және ауылдық округін қайта атау бойынша облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына ұсыныс енгізу туралы" Алтай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 457 қаулысы және Алтай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 58/2-VI шешімі негізінде, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Первороссийское ауылы және Первороссийское ауылдық округі Полянское ауылы және Полянское ауылдық округі деп қайта аталсын.
|
Облыс әкімі |
Д. Ахметов |
|
Сессия төрағасы |
Ф. Абитаев |
|
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
В. Головатюк |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК