"Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Полянское ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы 28.04.2020 жылғы №157 ереже.
құқықтары мен міндеттері
1) әкімнің ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалды-техникалық қызметін, сонымен қатар жергілікті маңызды мәселелерді шешуін қамтамасыз ету;
2) Полянское ауылдық округінің бюджетін жоспарлау және орындау, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншікті және Полянское ауылдық округінің коммуналдық мүлкін басқару.
1) Полянское ауылдық округінің бюджетін жоспарлауды және орындауды қамтамасыз етеді;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысына және Алтай ауданының мәслихатына Полянское ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есеп береді;
3) жергілікті қоғамдастықтың даму бағдарламасын әзірлеп және жергілікті қоғамдастық жиналысына бекітуге ұсынады;
4) азаматтардың ұсынысын, өтінішін, шағымын қарау, азаматтардың құқығын және бостандығын қорғау шараларын қолдану;
5) бюджетке салық және басқа міндетті төлемдерді жинауға ықпал етеді;
6) Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативті құқықтық актілерін азаматтардың және заңды тұлғалардың орындалуына жәрдемдеседі;
7) өзінің құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүргізеді;
8) Полянское ауылдық округіндегі коммуналды тұрғын үй қорын сақтауды, сонымен қатар Полянское ауылдық округінің автомобиль жолдарын жөндеуді және ұсталуын қамтамасыз етеді;
9) шаруа немесе фермерлік шаруашылықты ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал етеді;
10) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
11) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте нотариалдық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады;
12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
13) табысы аз тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстарды енгізеді, жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз тұлғаларға үйлерінде қажет көмекпен қамтамсыз етуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
14) қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелерден босаған тұлғалардың, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың жұмысқа тұруына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көмек көрсетеді;
15) қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
16) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
17) тұрғындардың әлеуметтік жағынан осал тобына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
18) қылмыстық-атқару қызметі жұмысындағы белгіленген өкілетті орган осы жазаға сотталған тұлғалардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
19) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді;
20) қоғамдық көліктің қатынасын ұйымдастырады;
21) жергілікті өзін өзі басқару органымен бірігіп жұмыс істейді;
22) үй шаруашылығы есебін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдістеме бойынша жүргізеді;
23) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;
24) елді мекендерді сумен жабдықтау және суды пайдалануды реттеуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырады;
25) Полянское ауылдық округін абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады;
26) туыссыз адамды жерлеуді, қорымды және басқа жерленген жерлерді қалыпты жағдайда ұстау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
27) кәсіпқой емес медиаторлардың тізімін жүргізеді;
28) ауылдық жерлерде оқушыларды мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастырады;
29) басқаруға берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз жалға (арендаға) береді;
30) бюджеттен қаржыландырылатын, табыс етілген коммуналды мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс көлемін (қызметін) анықтайды;
31) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
32) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына басқаруға берілген жылдық қаржылық есебін келіседі;
33) жергілікті бюджеттен берілген аудандық коммуналды мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
34) Қазақстан Республикасының бюджет заңына сәйкес, өздерінің иелегінде қалатын, мемлекеттік мекемелермен сатылған тауардан (жұмыстан, қызметтен) түскен ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
35) Полянское ауылдық округінің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
36) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімімен Полянское ауылдық округіндегі қауіпті тұрғын үйлерді ұйымдастырады;
37) елді мекен жерінде мал жайылым орындарын анықтайды;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ветеринарлық пунктерді қызметтік ғимараттармен қамтамасыз етеді.
39) Полянское ауылдық округінде мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімдігін, сапасының артуын қамтамасыз етеді;
40) мемлекеттік қызметтердің қол жетімдік стандарттарын және регламенттерін қамтамасыз етеді;
41) мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі жөнінде қызметті алушыларға түсінікті түрде ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;
42) мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың өтініштерін қарайды;
43) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мерзімде, мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасына бағалау жүргізу үшін, және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу нәтижесі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
44) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін мемлекетік қызметтің сапасына ішкі бақылауды жүргізеді;
45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың тәуекеліне ішкі сараптама жүргізеді;
46) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 729-бабының 3 тармағымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша хаттама жасайды;
47) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілген басқа да өкілеттікті жүргізеді;
1) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге материалдарды сұрауға және алуға;
2) мүліктік және мүліксіз құқықты жүргізуге, сатып алуға;
3) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базасын пайдалануға;
4) шарттар, келісімдер жасауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқығы бар;
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызметті көрсетуге;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа орталық атқарушы органдардың, әкімдіктің және облыс, аудан әкімдігінің (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және дер кезінде орындауға;
3) қолданыстағы заңнамада қарастырылған басқа да міндеттерді орындайды.
1) әкім аппараты жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жүргізеді;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысында немесе жиынында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3) Полянское ауылдық округінің бюджетін жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңына сәйкес, өздерінің иелегінде қалатын, мемлекеттік мекемелермен сатылған тауардан (жұмыстан, қызметтен) түскен ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
5) тиісті аймақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізуге шешім қабылдайды;
6) осы аймақтағы жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шаралары немесе карантинды тоқтату туралы шешімдерін қабылдайды;
7) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарайды және әкімшілік жаза қолданады;
8) Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы заңнамамен қарастырылған бюджеттік қаражатты үнемдеу және (немесе) түсімдер есебінен, келісім шарт бойынша қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды;
9) іссапар, тәртіптік жауапкершілік, демалыс беру, материалдық көмек көрсету және көтермелеу мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерін жұмыстан шектетеді;
10) әкім аппаратының штаттық кестесі мен құрылымы бекітеді
11) шарттар және келісімдер жасайды, төлем құжаттарына қол қояды, сенімхаттар береді;
12) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда әкім аппаратының мүддесін ұсынады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарымен және басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен жүктелген өкілеттікті жүргізеді.
Полянское ауылдық округінің әкімі жұмыста болмаған кезде өкілеттігін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның міндетін атқаруға жүктелген тұлға жүзеге асырады.
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.