«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
2023 жылы Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі - әкім аппараты) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетті:
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
«Жер учаскесін алуға кезекке қою».
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
2023 жылы 24 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде қағаз түрінде - 6 мемлекеттік қызмет, электрондық түрде «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы - 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі баламалы негізде көрсетілетін қызметтер санынан 75% - құрады.
Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 14;
- «Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру» - 6;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 4.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтерді алу үшін әкім аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, өтініш үлгілері орналастырылған стенд бар. Жыл сайын мемлекеттік қызметтер туралы есеп Алтай ауданы әкімінің сайтында орналастырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін әкім аппаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар. 2023 жылы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы «Е-лицензиялау» веб-порталына 6 өтініш берілді.
Әкім аппаратының қызметкерлері «Zoom» алаңы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік актілер, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестері, ақпараттық жүйелердегі жұмыс және ішкі бақылау бойынша барлық жоспарлы оқыту семинарларына қатысады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес әкім аппараты 2023 жылы «Е-лицензиялау» веб-порталы («Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу»; «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру») арқылы қызметтің 2 түрін көрсетті, сондай-ақ баламалы негізде қағаз түрінде қызметтердің 1 түрі («Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»), қызметтердің басқа түрлері бойынша 2023 жылы өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты қызметкер бекітілген жоспарға сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК филиалында біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 2023 жылғы қыркүйекте Алтай ауданы әкімінің аппаратымен 2022 жылғы 01 қаңтардан 2023 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңде Никольск ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жоспарлы бақылау іс-шарасы өткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, жұмысты ұйымдастыру қанағаттанарлық жағдайда екендігі атап өтілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануы, тиімділікті жақсарту жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.