GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
04 августа 2026
Кәсіби мереке – Теміржолшылар күні қарсаңында қайта жаңғыртудан өткен Күмістау теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Кәсіби мереке – Теміржолшылар күні қарсаңында қайта жаңғыртудан өткен Күмістау теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бұл айтулы оқиға теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлерінің басын қосты. Салтанатты рәсімге Алтай ауданының әкімі Құрмамбаев Ренат Тілеуханұлы қатысып, жиналған қауымды келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтады. Ол теміржолшылардың адал әрі қажырлы еңбегі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық және толайым табыс тіледі.
Іс-шараға құрметті қонақ ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Магистральдық желі филиалы Семей магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы, ғимараттар және инженерлік желілер жөніндегі директордың орынбасары Азимканов Нұрлан Жақалықұлы, сондай-ақ Күмістау станциясының вагон қараушысы, теміржол саласының ардагері Нұғыманов Жұмажан Сағидолдинұлы қатысты.
Жаңартылған Күмістау вокзалы – заманауи көлік инфрақұрылымының нысаны ғана емес, сонымен қатар Серебрянск қаласының дамуына серпін беретін маңызды жоба. Жүргізілген қайта жаңғырту жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді және қаламыздың өркендеуі мен дамуының тағы бір жарқын белгісіне айналады.
Теміржол саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің көлік саласының дамуына қосып жүрген өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, мерейлеріңіз үстем, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, ал әр сапарларыңыз сәтті болсын!

06 мая 2026
7 мамыр Қазақстанда: Ерлік пен намыс мерекесі
Малеев ауылдық округінде Леснопристанская орта мектебінің оқушылары 7 мамыр мерекесіне орай оқу-жаттығу шеруін өткізді.
21 апреля 2026
Бос орындар жәрмеңкесі

Осы күндері Түркістан қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде — бұл жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді біріктіретін жаңа мүмкіндіктер алаңы.

Мұнда әр адам жұмыс тауып, кеңес алып, болашағына нық қадам жасай алады. Алтай ауданы делегациясы қатысушыларға жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жәрмеңке өңірдің дамуына үлес қосып, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтады.

03 апреля 2026
“Таза Қазақстан”
Малеев ауылдық округінің ұжымы сенбілікке шықты.
02 апреля 2026
“Таза Қазақстан”

  Құрметті жерлестер!

Ауа райының жылынуына және санитарлық тазарту мен аумақтарды абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты экологиялық акциялар мен сенбілік жұмыстарын ұйымдастырудың бірыңғай ұстанымын түсіндіру қажет деп санаймын.

Ең алдымен, мұндай іс-шараларға қатысу тек қана ерікті түрде жүзеге асырылатынын атап өтемін.

Сонымен қатар, негізгі назар тұрғындардың өз үйлері мен аулаларына іргелес аумақтарды тазалауға бағытталуы тиіс, бұл әрбір шығысқазақстандықтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі болып табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері қала көшелері мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына тек өз еркімен ғана қатысуы қажет. Мұндай жұмыстарға мәжбүрлеудің кез келген түріне жол берілмейді.

Әрбір азаматтың демалуға және жеке уақытына толық құқығы бар, бұл құқық мүлтіксіз сақталуы тиіс.

Сенбілік, өз кезегінде, өз өңірінің тазалығы мен дамуына бейжай қарамайтын азаматтардың белсенді ұстанымының көрінісі болып табылады.

Біздің ортақ мақсатымыз “Таза Қазақстан” бастамасының міндеттері мен қағидаттарына негізделеді. Себебі, бұл бір реттік науқан емес, ұзақ мерзімді стратегиялық бағыт болып табылады.

Барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтей отырып, тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз абаттандыру, санитарлық жағдайды жақсарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыруда елеулі нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

Барша тұрғындарды осы игі іске жеке атсалысуға шақырамын.

Құрметпен,
Нұрымбет Сақтағанов

27 марта 2026
"Таза Қазақстан"
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Малеев ауылдық округінде сенбілік өтті.
 
20 марта 2026
ҚҰРМЕТТІ МАЛЕЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Баршаңызды көктемгі жаңару мерекесі, барша тіршілік иелері оянып, 
күн мен түннің теңелетін күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Бұл береке мен берекенің, молшылық пен бірліктің мерекесін барша түркі 
тілдес халықтар бес мың жылдан бері тойлап келеді.
Бұл күні ескі реніштерді кешіріп, адамдар бір-бірімен кездесіп, 
қиын қыстан сәтті шыққанына қуанып, ортақ қазаннан Наурыз көже ішіп,
мерекені бірге қуанышпен тойлау әдетке айналған.
Ежелден бұл күні адамдар арықтар мен бұлақтардың төсеніштерін тазалап,
ағаш отырғызып, қыстан әрең шыққан мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.
Ал бүгінде біз көне дәстүрлерді сақтап қана қоймай, оларды жаңа мазмұнмен
толықтырып, жаңғыртып жатырмыз.
Бүгінгі таңда Наурыз мейрамын тойлаудың басты мақсаты – қоғамды біріктіру, 
қазақ халқының ұлттық ерекшелігі мен мәдени әртүрлілігін сақтау және насихаттау үшін жағдай жасау,
қоғам мен отбасын біріктіретін құндылықтарды нығайту. Бұл жаңару идеясына негізделген идеологиялық маңызы зор мереке.
Наурыз мейрамы еліміздегі әрбір шаңыраққа бейбітшілік пен келісім, молшылық пен береке, байлық пен бақыт әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

20 марта 2026
Ұлттық спорт күні

 

Бүгін — Ұлттық спорт күні.

Бұл күн — ата-бабадан мирас болған ұлттық спорт түрлерін ұлықтап, олардың мәні мен маңызын дәріптейтін ерекше мереке. Ұлттық ойындар — тек жарыс емес, ол — рухтың, күштің және салт-дәстүрдің жалғасы.
Ұлттық спортымыз өркендеп, жас ұрпақтың бойында жігер мен қайсарлық арта берсін!

19 марта 2026
19 наурыз — Жаңару күні.

19 наурыз — Жаңару күні.

Бұл күні табиғат қайта түлеп, тіршілік оянады.
Наурызнама аясында «Жаңару күні» жұртшылық көктемгі ағаш отырғызу дәстүрін орындайды. 🌳

06 марта 2026
8 наурыз халықаралық әйелдер күні
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Малеев ауылдық округінің әкімі Исаев Бақыт Оралұлы 
ауданның әйелдер құрамаларын мерекелерімен құттықтады!!!!!!
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы