GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Кәсіпкерлік және бизнес
Ауылдық шаруашылық
21 октября 2026
Құрметті Алтай ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздердің назарларыңызға 2026 жылғы жиырма төртінші қазанда, сенбі күні, сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Алтай, Серебрянск қалаларында және Жаңа Бұқтырма кентінде Алтай ауданының «Демалыс күнгі» жәрмеңкелері өтетінін хабарлаймыз.
Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілердің, шаруа және фермер қожалықтарының қолжетімді бағамен ұсынған өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады.
Сіздерді аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз!

20 октября 2026
Алтай ауданының әкімі Тураров Е.Т. Алтай қаласында бейінді қызметтердің басшыларымен бірлесіп, сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғыртудың I, II және III кезектеріндегі жұмыстардың барысын тексерді.

Жұмыс сапары барысында Бажов көшесі, 1 мекенжайында орналасқан сорғы станциясының жұмысымен, сондай-ақ Алтай қаласындағы жылу пункттерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
Тексеру барысында орындалып жатқан жұмыстардың сапасына, белгіленген мерзімдердің сақталуына, сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жауапты басшыларға жұмыстардың барысын одан әрі бақылау және жоспарланған іс-шараларды уақытылы аяқтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Аталған жобаларды іске асыру қала тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Алтай қаласының инженерлік инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға маңызды үлес қосады.

Бiлiм беру
20 октября 2026
Алтай қаласындағы №2 мектепте балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне арналған ата-аналар жиналысы өтті.
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жанна Аскарова (@zhanna71_)

Жиын барысында кәмелетке толмаған балалардың мектепте және одан тыс жерлерде қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы және интернеттегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу, олардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ата-аналар мен педагогтердің өзара ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтілді. Ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылау, олардың араласатын ортасына көңіл бөлу және қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету қажеттігі түсіндірілді.
Мұндай кездесулер мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың білім алуы мен дамуына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

20 октября 2026
Алтай ауданында Қазақстан Республикасы құтқарушыларын салтанатты түрде құрметтеу рәсімі өтті.

Аудан әкімі Е.Т. Тураровтың атынан құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Ж.А. Асқарова өз сөзінде құтқарушы мамандығының маңыздылығын атап өтіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күн сайын қызмет атқарып, күрделі және төтенше жағдайларда көмекке келетін, кейде өз өмірлерін қатерге тігетін қызметкерлердің батылдығын, жоғары кәсібилігін және жанқиярлығын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ Алтай ауданының Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы А.Р. Абдрахманов құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлерге адал қызметі, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Іс-шара барысында құтқарушыларға еңбектегі жетістіктері, кәсібилігі және өз ісіне адалдығы үшін алғыс хаттар табысталды. Құтқарушыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс және жауапты да абыройлы еңбектеріне толағай жетістіктер тіленді.

Жер мәселелері
19 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Осы арқылы 16.10.2026 жылы жоспарланған «Алтай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс кворумның болмауына байланысты 22.10.2026 жылға ауыстырылатынын хабарлаймыз.

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар

 

1) БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар мынадай тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады:

  • зейнет жасына толған адамдар (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас (2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 6 айға ұлғайып, 2031 жылы 63 жасқа жетеді));
  • 55 жасқа толған, зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде өздері үшін жиынтығында кемінде күнтізбелік 84 ай бойы МКЗЖ төленген, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың және жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан адамдар;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтар бойынша зейнетақы төлемдерін жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жетпей-ақ, яғни 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері мүгедектік тобына және оның белгіленген мерзіміне қарамастан, мүгедектігі бар адамдарға да беріледі. Бұл ретте төлемдерді алу кестесін салымшы өзі дербес белгілейді.

 

2) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

 

Кесте бойынша зейнетақы төлемдері мынадай тәртіппен есептеледі: төлемдерді алудың бірінші жылында зейнетақы жинақтарының сомасы 6,5% мөлшеріндегі зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне сәйкес ұлғайтылады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТК) кемінде 70%-ын құрауға тиіс.

Алушылардың жекелеген санаттары үшін, атап айтқанда, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдарға, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде 60 ай бойы төленген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан адамдарға қатысты Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Егер алушы жоғарыда аталған талаптардың бірнешеуіне бірдей сәйкес келсе, мәні ең жоғары түзету коэффициенті қолданылады.

55 жасқа толған және өздері үшін жиынтығында кемінде 84 ай бойы МКЗЖ төленген адамдарға зейнетақы төлемдерін есептеу және жүзеге асыру кезінде:

  • зейнетақы төлемінің мөлшеріне қатысты ЕТК-нің кемінде 70%-ын құрауы тиіс деген ең төменгі шек қолданылмайды;
  • түзету коэффициенттері қолданылмайды;
  • жеке зейнетақы шотындағы ЕТК-нің 70%-ынан аз қалдық кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге төленбейді.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

 

Егер БЖЗҚ-дан төлем жүзеге асырылатын күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, жинақтар біржолғы төлем түрінде беріледі.

 

3) Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?

 

Зейнет жасына толуына байланысты міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақыны тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Өтінішті зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын беруге болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрі өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады. Бұл ретте алушы зейнет жасына толған болса, ХҚКО-да өтініш пен қажетті құжаттар тіркелген күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Ал егер өтініш зейнет жасына толғанға дейін берілсе, зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып саналады. Мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны алу үшін уақытылы жүгінудің маңызы ерекше. Себебі оны тағайындау кезінде алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдар ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған жинақтарын алу үшін БЖЗҚ-ның сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ Қордың кеңсесіне барып өтініш бере алады.

 

4) Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады?

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіп пен талаптар бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 2026 жылғы наурыз айынан бастап зейнет жасына толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, бірақ бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды алу үшін Қорға өтініш бермеген адамдарға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі енгізілді.

ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін (жинақтары болған жағдайда) өтінішсіз жүзеге асыру тәртібі мыналарды көздейді:

  • азамат зейнет жасына толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдер алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде БЖЗҚ-ның ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін автоматты түрде тағайындауы;
  • Мемлекеттік корпорациямен жыл сайын жүргізілетін салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша проактивті қызмет аясында ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру. Бұл ретте әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалғаны туралы мәліметтердің болуы тексеріледі.

 

5) Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда жүгіну қажет?

 

Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне жүгіне алады. Сондай-ақ Қордың ресми сайтындағы (enpf.kz) немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, өтініш беруге болады.

Назар аударыңыздар! БЖЗҚ-да бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар үшін көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала кеңес беріледі, оның ішінде Қор қызметтерін маманның баруынсыз, қашықтан алу мүмкіндігі де тексеріледі.

 

6) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімімен қайдан танысуға болады?

 

БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайтындағы «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері» бөлімінде зейнетақы төлемінің түріне және құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған.

Сонымен қатар сайттың «Онлайн-сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

Сервистің атауы – «Төлемге арналған құжаттарды алдын ала тексеру»:  https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/checkdoc.php    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 октября 2026
Дүниежүзілік нан күніне орай қайырымдылық акциясы
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтай Ауданы (@altai_audanynyn_akimdigi)

2026 жылғы 16 қазанда Дүниежүзілік нан күнін мерекелеу аясында «Ибраева А.В.» ЖК наубайханасы «Әлеуметтік» дүкенінде бірінші сұрыпты нанды тегін тарату бойынша қайырымдылық акциясын өткізді.
Аталған қайырымдылық шарасы халыққа қолдау көрсетуге, қоғамда мейірімділік пен өзара көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Бұл игі бастама кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, мұқтаж жандарға қамқорлық жасаудың жарқын үлгісі болды.

ЕСКЕРТУЛЕР
16 октября 2026
Алтай ауданының зардап шеккен тұрғындарына арналған қабылдау пункті

Алтай ауданының әкімінің өкімімен төтенше жағдайлар аумағында қалған Алтай ауданының зардап шеккен тұрғындарына
арналған қабылдау пункттері бекітілд:

1. «Алтай ауданының мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ, Алтай қ., Первомайская к., 15/1;
2. «Алтай ауданы Грехово кентінде мүгедектер үшін оңалту орталығы» КММ,
Грехово к., Королев к., 46;
3. «№ 6 орта мектебі» КММ, Алтай қ.,Солнечная к., 13;
4. «№ 7 орта мектебі» КММ, Алтай қ., Ломоносов к., 61;
5. «№9 орта мектебі» КММ, Алтай қ., Комаров к,. 8;
6. «№ 11 орта мектебі» КММ, Алтай қ., Брилина к., 31;
7. «Мектеп-лицейі» КММ, Алтай қ., Спортивная к., 84;
8. «Леснопристань орта мектебі» КММ, Малеевск а., Бухтарминская к., 106;
9. «М. Бикетов ат. орта мектебі» КММ, Парыгино а., Победы к., 1;
10. «Тұрғысын орта мектебі» КММ, Тұрғысын а., Достық к., 25;
11. «Зубовск орта мектебі» КММ, Железнодорожная, к. 46;
12. «Путинцево орта мектебі» КММ, Путинцево а., Матросов к., 17;
13. Алтай ауданының ауылшаруашылық колледжі» КММ, Чапаево а.,
Восточная к., 20;
14. «Соловьево орта мектебі» КММ, Соловьево а., Копылов к., 18;
15. «Первомай орта мектебі» КММ, Прибрежный к., 3 квартал, 14- ғимарат;
16. «Шірікқайың орта мектебі» КММ, Шірікқайың а., Школьная к.;
17. «Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Алтай қ.,
Тәуелсіздік к., 16;
18. «№1 түзету мектеп-интернаты» КММ, Алтай қ., Бухтарминская к.,127;
19. «№2 түзету мектеп-интернаты» КММ, Алтай қ., Рудная к., 2;
20. «Серебрянск қ. №4 орта мектебі» КММ, Серебрянск қ., Некрасов к., 26.

15 октября 2026
Қала тарихының әрбір бетінің артында есімдері естелік пен құрметке лайық адамдар тұр.

9 қазанда өлкетану залында Е.А. Бигозиновтың авторлығымен жазылған Серебрянск қаласының Құрмет кітабының тұсаукесері өтті.
Бұл маңызды оқиға қаланың тарихи және мәдени мұрасын сақтаудағы, еңбегі, таланты және туған жеріне деген сүйіспеншілігі оның дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың есімдерін мәңгілікке қалдырудағы тағы бір қадам болды.
Іс-шараның құрметті қонақтарының қатарында Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің Мәдениет комитетінің басшысы Геннадий Николаевич Пуссеп, комитет мүшелері Елена Владимировна Гаврилова мен Василий Михайлович Левин, «Арго» баспа үйінің директоры Святослав Валерьевич Семенов және «Казцинк» компаниясының өкілі Надежда Михайловна Козинец болды.
Кездесу жылы атмосферада өтіп, Серебрянск қаласының тарихына, бүгінгі күніне және болашағына қамқор адамдардың басы қосылды. Қатысушылар жетістіктері, өмірлік жолдары мен игі істері туған қала тарихының ажырамас бөлігіне айналған көрнекті жергілікті тұрғындарды еске алудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара аясында Құрмет кітабының даналары қалалық кітапханаға, өлкетану залына, білім беру мекемелеріне және басқа да қалалық ұйымдарға сыйға тартылды. Енді жас ұрпақты қосып алғанда, тұрғындардың көпшілігі Серебрянск қаласы мақтан тұтатын адамдардың есімдері мен әңгімелерімен танысуға мүмкіндік алады.
Құрмет кітабы – есімдер мен өмірбаяндар жинағынан әлдеқайда артық. Бұл ұрпақтар арасындағы тірі байланыс, қала тарихын өз еңбегімен қалыптастырған жандарға алғыс және әрбір жетістіктің артында адам тағдыры, өз жұмысына берілгендік және туған жерге деген шынайы махаббат тұрғанын еске салады.
Қаламызға даңқ әкелген адамдарды еске алып, олардың мұрасын сақтап, балаларымызға жеткізіп отырсақ, Серебрянск қаласының тарихы мәңгілік өмір сүреді.
Жерлестеріміздің есімдері жастар үшін үлгі болып, жаңа жетістіктерге шабыт беріп, туған жеріміздің дамуына үлес қосудың қаншалықты маңызды екенін әрқайсымызға еске салсын!

15 октября 2026
15 қазанда Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскарованың төрағалық етуімен Жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында жас ұрпақтың денсаулығына, жастарды жұмыспен қамту және еріктілік қозғалысқа қатысты ағымдағы мәселелер қаралды.
Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі жастарға тегін медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және аудандағы жасөспірімдер кабинетінің қызметі. Қатысушылар медициналық қызметтерге қолжетімділік, аурулардың алдын алу және жасөспірімдер мен жастар арасында медициналық көмекке қолжетімділік туралы ақпараттандыруды арттыру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, 2026 жылғы «Жасыл Ел» жастар еңбек жобасын іске асыру нәтижелерінің қорытындысы шығарылды. Жобаның жастарды уақытша жұмыспен қамтудағы, жұмыс дағдыларын дамытудағы, экологиялық хабардарлықты арттырудағы және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудағы маңыздылығы атап өтілді. Талқылау жобаны одан әрі іске асыру және 2027 жылғы еңбек маусымына жастарды тарту перспективаларына бағытталды.
Алтай ауданының колледждеріндегі еріктілер корпусының қызметіне ерекше назар аударылды. Білім беру мекемелерінің өкілдері өздерінің жүргізіп жатқан жұмыстары, студенттердің еріктілер бастамаларына қатысуы және еріктілер қозғалысын одан әрі дамыту мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті. Белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті және жастардың қоғамға үлес қосуға дайындығын тәрбиелеудің маңыздылығы атап өтілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша жастар денсаулығы мәселелеріне қатысты жұмысты арттыруға, «Жасыл Ел» жобасын одан әрі дамытуға және аудан колледждеріндегі еріктілер қозғалысын нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Мұндай отырыстарды өткізу мемлекеттік органдар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары және жастар бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл ынтымақтастық жас ұрпақтың өзекті қажеттіліктерін анықтауға, жастар бастамаларын қолдауға және олардың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға көмектеседі.
Жастарды, олардың өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін қолдау және жастарды қоғамдық өмірге тарту Алтай ауданын дамытудағы маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы