
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Алтай ауданы мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ-нің 30 маманы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қарт адамдармен, мүгедектермен және олардың отбасыларымен Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен технологиялары» бағдарламасы бойынша қашықтықтан 10 күндік біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курстар әлеуметтік қызметкерлерге әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін өз білімдері мен дағдыларын жетілдіруге көмектесті. Өткізілген курстық оқыту қорытындысы бойынша мамандар әлеуметтік дайындық бойынша сертификаттар алды.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Т. Кустова