
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес «Алтай ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Алтай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтерін бекіту туралы» Зырян ауданы мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 19/8-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Алтай ауданының мәслихаты сессиясының шешім жобасын қоғамдық талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды, ол Алтай қ., Астана к-сі 78 мекенжай бойынша «Алтай ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ғимаратында 2020 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 10-00 де өткізіледі.
Барлық мүдделі тұлғаларды қоғамдық талқылауда қатысуларын сұраймыз.