«Бекітілген терминдердің ғылым тілін дамытудағы орны» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинарға қатысу

«Бекітілген терминдердің ғылым тілін дамытудағы орны» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинарға қатысу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы»  КеАҚ ү.ж. 10 қыркүйекте терминология саласына арналған «Бекітілген терминдердің ғылым тілін дамытудағы орны» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізді. Іс-шараға Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушылары З.Б.Маутиева, А.Е.Абдрахманова, Ж.Т.Карменова қатысты және сертификатпен табысталды.

        Дәріскерлер терминология саласындағы өзекті, түйткілді мәселелер қозғады. А.Байтұсынұлының терминология саласындағы еңбектері және термин сөздіктері жайлы да сөз етілді. Іс-шара ұйымдастырушылары алдағы уақытта терминология бағыты бойынша тыңдаушылар тарапынан ұсыныстарды қарастыруға ықыластарын білдірді. Семинарда әр саланың мамандары қатысты және дәріс соңында тіл мамандарының үнемі пікір алмасып, ұсыныстарын білдіру үшін арнайы ватсап топ ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар тыңдаушылар мен өзге дәріскерлердің сұрақтарына жауап беріп, жылы лебіздерімен бірге сын пікірлеріді де орынды қабылдады        

Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КМ