
2020 жылғы 7 қыркүйекте Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Қазақстан халқының тілдер мерекесі күніне орай ұйымдастырылған «Тл - татулық тірегі» атты апталығының аясында орталық оқытушысы З.Б. Маутиева Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалының архивінде «1001 мақал» атты тақырыпта тренинг өткізді.
Тренинг қатысушыларға жағымды ахуал тудыру жаттығуынан басталды. Шара барысында архив қызметкерлері мақалдарды есте сақтауға арналған түрлі жаттығуларды орындауға қызығушылық танытып, белсене қатысты. Кері байланыста қатысушылар шара қызықты өткенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ