Халыққа түсіндіру: Ғимараттарды бұзу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы

Халыққа түсіндіру: Ғимараттарды бұзу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы

Құрметті өтініш берушілер!

2025 жылғы 22 наурыздан бастап күшіне енген «Объектілерді кейінгі кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін орындауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз.

Не өзгерді:

2025 жылғы 22 наурыздан бастап техникалық күрделі емес объектілерді бұзу үшін рұқсат алу кезінде бұрын талап етілетін объектінің техникалық жай-күйі туралы қорытындыны ұсыну талабы алып тасталды.

Бұл дегеніміз: «Е-Лицензирование» порталы арқылы өтініш берген кезде енді бұл қорытындыны тапсырыс берудің немесе қоса тіркеудің қажеті жоқ. Өтінішті толтырып, меншік иесінің толық аты-жөнін және бұзылатын объектінің атауын көрсету жеткілікті.