
2020 жылғы 04 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында Алтай ауданы әкімінің орынбасары Т.М. Жигитаев және Алтай ауданы мәслихатының хатшысы Л.А. Гречушникова Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұжымын келе жатқан мейраммен құттықтады, алға қойылған мақсаттарға жетуде оларға жаңа жетістіктер тілеп, өңірдегі тілдерді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді.
Алтай ауданы әкімінің орынбасары Т.М. Жигитаев «Мемлекеттік мұрағат» КММ Алтай ауданы филиалының директоры С.К. Сеилхановқа мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мен дамытуға қосқан үлесі және мемлекеттік тілді үйрену үшін ұжымда тиісті жағдай жасағаны үшін, сонымен қатар архив қызметкерлерінің іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін грамота табыс етті. Алғыс хаттармен орталық әдіскері А.Е. Абдрахманова және қазақ тілі оқытушысы Ж.Т. Карменова марапатталды.
Сондай-ақ Тілдерді оқыту орталығының директоры Г.А. Рамазанованың атынан алғыс хаттар қазақ тілі оқытушылары З.Б. Маутиева және А.З. Айтбаева, қытай тілі оқытушысы Т.В. Гречушниковаға табысталды.
Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ