
Күзгі дала жұмыстары – бұл іс-шаралардың үлкен кешені, болашақ астық түсімінің жақсы болуы осы жұмыстарға байланысты.
Алтай ауданында 7 тамыздан бастап жазғы дәнді дақылдар – бидай, сұлы және арпаны жинау басталды.
Ауданның табиғи-климаттық жағдайы бойынша 4 ауылдық округ: Никольск, Чапаево, Соловьево, Средигорноеден 15 ауыл шаруашылық кәсіпорны егіс жинауға кірісті.
Шұғыл деректерге сәйкес бүгінгі күні 5,7 мың га аумақтан егін жиналды, дәнді дақылдардың орнташа шығымдылығы бункерлік салмағы 20,2 ц/га құрады, жалпы түсім 8,8 мың тонна.
2020 жылғы 26 тамыздағы ахуал бойынша жаздық бидай 2321 га, сұлы 221 га, арпа 1577 га, бұршақ 238 га.
Астық жинау науқанының барысы күнделікті бақылауда.