
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл институты ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне аясында және ақын, ғалым, әдебиет зерттеушісі, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Аhmet oqulary – 2020» тілтанымдық дәрістер ұйымдастырылуда.
Аталған дәрістерге Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушылары - А.Е. Абдрахманова, З.Б. Маутиева, А.З. Айтбаева, Ж.Т. Карменова қатысуда.
Ағымдағы жылдың 01 қыркүйегінде «Ахмет Байтұрсынұлы және сөз мәдениеті» тақырыбында ф.ғ.д, профессор Нұргелді Уәли Мақажанұлы, «Қазақ емле ережелерінің құрылымдық платформасының қалыптасу, даму кезеңдері» тақырыбында ф.ғ.к. Нәзира Әміржанова баяндама жасады.
Мазмұнды және мағыналы дәрістерге қатысу арқылы педагогтар әрі тың, әрі құнды ақпараттар алып, өз білімдерін көтеруде.
Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ