«Ахмет  - сөз көсемі» атты  акциясы

«Ахмет  - сөз көсемі» атты  акциясы

Алтай ауданы әкімдігінің  «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-да Қазақстан халқының тілдер мерекесі күні аясында   «Тіл  - татулық тірегі»  атты апталық өткізілуде. Аталған апталық аясында орталық  қызметкерлері  2020 жылғы 28 тамызда  Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай   «Ахмет  - сөз көсемі» атты  акциясы ұйымдастырылды.

Алтай қаласының орталық алаңында өткізілген бұл акцияға қала тұрғындары белсене қатысты. Акция барысында қатысушылар тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым,  түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері жөнінде ақпарат алды, еңбектерін   латын қарпінде   жаза білуге тырысып, шығармаларынан үзінді оқыды. Акцияға қатысушыларға Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы,  ғылыми еңбектері туралы орыс және қазақ тілінде мағлұмат берілген буклеттер таратылды. Қатысушылар қызығушылықтарын танытып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Алтай ауданы әкімдігінің  «Тілдерді оқыту орталығы» КММ