
Алтай ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 536,5 км құрайды, соның ішінде теңгерімдік тиістілігі бойынша:
- республикалық маңызы бар автожол («Өскемен– Алтай - Рахман Қайнарлары») - 194 км;
- облыстық маңызы автомобиль жолдары («Алтайка - Чапаево», «Северное - Феклистовка», «Октябрьский өткелі – Ново-Хайрузовка», «Средигорное - Александровка» - 132,5 км;
- аудандық маңызы бар жол ұзындығы 210 км құрайды, оның ішінде асфальтты бетон төселген 19 км, қара 91,5 км және қиыршық тас – шақпақтас төселген 99,5 км. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 2 көпір және 85 су өткізгіш құрылым бар.
Ауданның қалалары мен елді мекендеріндегі көшелер ұзындығы 510 км құрайды.
2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламсын іске асыру аясында Алтай қаласындағы ұзындығы 2962 м.8 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. (Брылин к-сі -220 м, Бурнашов тар бульвары-600 м, Тенистый тар к-сі-170 м, Бочарников к-сі-542 м, Партизанская к-сі-700 м, Спортивная к-сі-210 м, Поздняков к-сі-300 м, Школьный тар к-сі-220 м).
Алтай қаласының Березовка аулындағы ұзындығы 2987 м 6 көшені орташа жөндеу жұмыстары аяқталды(Центральная к-сі-630 м, Новая к-сі-455 м, Советская к-сі-385 м, Молодежная к-сі-802 м, Строительный тар к-сі-540 м, Совхозный тар к-сі -175 м).
Серебрянск қаласындағы ұзындығы 925 м Мр көшесінің орташа жөндеуі және ұзындығы 2250 Некрасов көшесінің орташа жөндеуі аяқталды.
Алтай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі «Елді мекендердегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» қаржыландыру бағдарламасы аясында Алтай қаласындағы ұзындығы 17,5 км көшенің жүретін бөлігіне жол белгілерін жасау жұмыстарын орындады, жалпы аумағы 400 м2 жаяу өткелге белгілер жасады, Алтай ауданының көше-жол желілерін кешендік зерттеу актісіне сәйкес 83 жол белгісін орнатты.