
Абай - тұтас бір дәуір. Шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті, білім мен даналықты біріктіретін ерекше тұлға. Ақынның, жазушының, композитордың, ойшылдың мәдени мұрасы ешқашан өзектілігін жоғалтпайды.
2020 жылғы 10 тамызда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында «Алтай ауданының «Горняк» МБУО» КМҚК клуб мекемелерінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында «Абайдың мұрасы ұрпақ жүрегінде мәңгіге сақталмақ» - «Наследие Абая живет в сердцах потомков» атты аудандық бейне жобасы өтті.
Бейне жобаның негізгі мақсаты Ұлы Абайдың мұрасын дәріптеу: оның дарынының сан қырлылығын ашу, рухани құндылықтарды насихаттау. Посттар мен бейнероликтерде клубтар мен мәдениет үйлерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы оқырмандары Абай өмірінен алынған қызықты деректер: ақынның шығармашылығы, тұлға ретінде қалыптасуы, әлемдік деңгейде танылуы, оның ұлы еңбектері туралы білді. Сондай-ақ, оқырмандар қазақ халқының данышпаны құрметіне арналған жаңа мереке туралы білді. Үйірмелер мен студиялардың қатысушылары Абай шығармаларын орындаған бейнероликтер ұсынды.
«Алтай ауданының «Горняк»
МБУО» КМҚК әдістемелік орталығы