
Алтай ауданында Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жомарт жүрек» жыл сайынғы меценаттар Форумы өтті.
Бүгінгі қайырымдылық пен меценаттық – бизнесмендер жетістігі мен жеке әлеуметтік жауапкершілігінің белгісі. Біздің өңірімізде туған өңірінің дамуына көмектесудің рухани қажеттілігі дамыған алтын жүректі адамдар тұрады. Бизнес-қоғам өкілдері өздерінің әлеуметтік жаупкершілігін көрсетіп, ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосады.
Кужаханов К. белсенді азаматтық ұстанымы, кең ауқымды қайырымдылық әрекеті үшін Жыл адамы атанды.
«Сладомир» ЖШС (Осипова О.) әлеуметтік-маңызды жобаларды нәтижелі іске асырғаны үшін форум дипломымен марапатталды.
«Саулет» ЖШС (Сабитов Е.) Серебрянск қаласының аз қамтылған, көп балалы отбасыларына өтеусіз көмек көрсеткені үшін Жыл меценаты атанды.
Волонтерлік әрекетке белсенді қатысқаны үшін «Добряки Алтая» волонтерлік тобы (Суйменбаева М., Мусабаева Н., Уалиева А.) дипломмен марапатталды.
Қолы алтын және балаларға деген сүйіспеншілігі үшін туған қаласынан тыс жерлерде де кеңінен танымал Попов В. балалар алаңын абаттандырғаны үшін жүлде лауреаты атанды.
Форумның әрбір қатысушысы – ауданымыздың мақтанышы, лайықты үлгі бола алады. Жобаны іске асыруға қатысқандары үшін, олардың мейірімді де бей-жай емес жүректері үшін шынайы алғысымызды білдіргіміз келеді