Ережелер қатаң сақталсын

Ережелер қатаң сақталсын

Алтай қаласында мал союға арналған модульдік мал соятын орын қызмет етеді, ол малдарды сою және сойылған малдардың өнімдерін алғашқы өңдеу жабдықтарымен жабдықталған. Алтай ауданы әкімінің орынбасары Т.Жигитаев  мониторинг тобын бастап мал соятын орында болып қайтты. Барған кезде мамандандырылған үй-жай ветеринарлық-санитариялық нормалар мен талаптарға сәйкес келетініні белгіленді,  ол жерде ветеринарлық-санитариялық сараптама жасалады, ауыл шаруашылық малының сәйкестендіру нөмірінің болуы тексеріледі.

Т.Жигитаев пункт иелерінің назарын тағы да аудандағы коронавирусқа байланысты күрделі жағдайға аударды және осы қиын кезеңде мал сою кезінде барлық санитариялық нормаларды сақтау керектігін баса айтты.

О.Прокопьева,  ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері