Ауданда кадрлық өзгертулер болды

Ауданда кадрлық өзгертулер болды

Алтай ауданы әкімінің орынбасары С.Охременко қоғамдастықты Алтай қаласының жаңа әкімі Ж.Аскаровамен таныстырды.

Жанна Аскаровна 1971 жылғы 20 қазанда Қарағанды облысының Қарағанды қаласында дүниеге келді.

1995 жылы химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді, химия бакалавры академиялық дәреже берілді. 2001 жылы қазақ тілі емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді.

Жалпы еңбек өтілі 25 жылдан артық уақытты құрайды. Мемлекеттік қызмет өтілі – 11 жыл.

Жанна Аскаровнаның басқару лауазымындағы тәжірибесі жеткілікті. 2009 жылы «ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалдыг. 2017 жылғы маусымнан 2019 жылғы желтоқсанға дейін ауданы әкімінің орынбасары болып істеді.

2019 жылғы желтоқсаннан 202 жылғы шілдеге дейін Шығыс Қазақстан облысы халқы Ассамблеясының хатшылығы меңгерушісі лауазымын атқарды.

Аудан тұрғындары оны белсенді өмірлік ұстанымы бар, сауатты басшы ретінде жақсы біледі.
Қоғамдастық өкілдері өз жерлестерін жылы қарсы алып, оған жаңа қызметінде табыстар тіледі.

О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері