
Мәдениет — кез келген елдің басты құндылықтарының бірі. Бұл салада немқұрайлы және дарынсыз адамдар жоқ. Әрқайсысы әлемге шығармашылық қуанышын әкеледі, ал Мәдениет үйлері күнделікті өмірден шығармашылық пен шабыт әлеміне енгісі келетіндердің барлығын тартатын нағыз орталыққа айналады.
Үлкен және кіші ауылдардағы көптеген клубтар жылдар бойы, тіпті ондаған жылдар бойы жөндеу көрген жоқ.
Алтай ауданында 13 мәдени-бос уақыт мекемесі бар, олардың көпшілігі 60-80 жылдары салынған, олардың жаңартуды қажет ететіндігі түсінікті.
Аудан басшысы Байгонусов Каликан Байгозынович мәдениет саласына ерекше көңіл бөлетінін белгілей кету керек. Экономикалық көзқарас тұрғысынан күрделі кезеңнің өзінде аудан басшылығы турасын айтқанда, мәдениет мекемелерін жөндеуге аз қаражат бөлмейді.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қазіргі уақытта Жаңа Бұқтырма к. Мәдениет үйі ғимаратының шатыры және электр жүйесіне жөндеу жүргізілуде, бұл өте қажетті және маңызды. Осы ауқымдағы электр сымдарын ауыстыру жүргізілмегеніне көп болды. Шатыр да жөндеуді қажет етеді, шатыр барлығына негіз екендігі белгілі. Енді жаңа шатыр пайда болғанда, одан да зор нәрсе туралы армандауға болады!. Мысалы, кадрлар құрамын шығармашыл жұмыскерлермен толтыру, әр жаңа маманнның келуі МҮ-не адамдардың қосымша ағымы ғой. Содан кейін музыка жабдықтары туралы да ойлануға болады.
«Жұмыспен қамтьудың жол картасы – 2020» бағдларламасын іске асыру аясында Мәдениет үйінің концерт залының жөндеуі аяқталып қалды.
Біздің жаңартылған ғимаратымыздағы дәстүрлі іс-шараларға барынша көп ауыл тұрғындары келсе ғой, өйткені көрермен бар болса, МҮ жайнай түседі.
Е.Коробейникова, «Горняк» МБУО директоры