
Алтай ауданындағы елді мекендерде ТЖ ескерту мақсатында су өткізгіш ғимараттарды, нөсер канализацияларын, ұсақ өзендерді, бұлақтарды, арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Подорленок а. су өткізгіштерді тазалау бойынша жұмыстар аяқталып қалды. Тасқын кезінде жазда бұлақтарға көбірек ұқсайтын ұсақ өзендер көптеген күтпеген қолайсыздықтар тудырады. Көктемде қар еру кезінде олар өздерінің қатты ағынымен жолдадарындағы барлық нәрсені сыпырып әкетеді. Сондықтан қазірдің өзінде оларға үлкен көңіл бөлініп, тұрғын үйлерді су басып қалуына жол бермеу үшін қажетті барлық іс-шаралар жүргізілуде.
О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері