
Біздің ұжымның жаңа жетістіктері
"Горняк" МБУО "Prestisimo" вокалдық студиясы, жетекшісі Ақжол Екпін, Мәскеу қаласында өткен "TessaFest MagicVoice-2020" халықаралық онлайн-байқауына қатысты. Іс - шараға барлығы 167 адам қатысты, конкурс өте қатаң тәртіпте өтті, алайда біздің жеке орындаушыларымыз әр санатта құрметті орындарға ие болды: екінші орындар – Д. Котова, Р. Тулепова, А. Даниярова, А. Карпова, Н. Бекболатқызы, Т. Мусина, Д. Баймұратова, Т. Дидарханқызы, П. Петухова. Бірінші орындар - М. Сайранбек, Б. Бейбітқанов, Д. Мукашева, Т. Ерболова, Ш. Маулетканова, М. Бражникова, Д. Варфоломеев, Д. Даутова, А. Китакпаева, Ж. Болатбек, М. Кинаятов. Эстрадалық вокал бойынша бірінші орынды А. Шалапутова, академиялық вокал номинациясы бойынша бас жүлдені А. Болатбек, А. Шалапутова иеленді.
Ақжол Екпін байқау ұйымдастырушыларының өтінішімен педагогтар арасында вокалдық шеберлік бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Біз педагогты және балаларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз.
«Алтай ауданының
«Горняк» МБУО» КМҚК
әдстемелік сектор меңгерушісі