
Алтай ауданы әкімінің орынбасары Т.Жигитаев коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты ауданда жаңа шектеу шаралары жөнінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары журналистерімен кездесу өткізді.
Аудандық санитариялық дәрігердің ҚАУЛЫСЫ негізінде
эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында Алтай қаласында 2020 жылғы 11 шілдедегі сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 19 шілдедегі сағат 00:00-ге дейіншектеу шаралары енгізіледі және келесі қосымша іс-шараларды орындау қамтамасыз етілсін:
- кафелер, ресторандар, жазғы алаңдар, асханалар, сауда үйлері, жабылған азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, моншалар, сауналар, шаштараздар, әдемілік салондары.
- аумағы 500 шаршы метрден төмен азық-түлік емес дүкендер;
- құрылыс материалдарын көтерме-бөлшек және бөлшек сату сауда орындары;
- компьютерлік, тұрмыс техникасын, жабдықтарын сату және жөндеу бойынша салондар;
-кір жуу, химиялық тазалау қызметтерін көрсететін ұйымдар,
- бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік агенттігі, жарнама агенттігі, сот орындаушылары қызметі және басқа), айырбастау пункттері, ломбардтар, букмекер кеңселері.
- барлық азық-түлік дүкендері және дәріханалар сағат 08.00 бастап 20.00-ге дейін, ашық ауадағы азық-түлік базарлары сағат 08.00 бастап 17.00-ге дейін.
-«Қазпошта» бөлімдері сағат 09.00 бастап 14.00-ге дейін.
- екінші деңгейлі банк бөлімдері және ХҚКО сағат 09.00 бастап 14.00-ге дейін.
Қызметін іске асыруды жалғастыратын объектілер санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген талаптарын сақтауға міндетті.
1) объектілердің шттаттық режимде міндетті түрде санитариялық және дезинфекциялық шараларды сақтап үздіксіз жұмыс істеуін;
2) қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен( медициналық бетперде, қолғап және т.б.), санитайзерлердің болуы;
3) қапталған азық-түлік (нан-тоқаш, кондитер өнімдері, кептірілген жеміс,тағы басқалары)босатуды қамтамасыз етуге міндетті.
7.Тұрғындардың Алтай қаласы аумағында тек рұқсатнама болған жағдайда ғана І тип (қызметтік рұқсатнама), ІІ тип (ақ және жасыл түсті).
Бұрын берілген ІІ типті рұқсатнама жарамды. Жоқ болған жағдайда аудандық әкімдік анықтаған орындарда рұқсатнама алуға болады.
Рұқсатнама болуын тексеру қаланың полиция бөлімдеріне жүктеледі.
Кездесу барысында Т.Жигитаев журналистердің дәрі-дәрмекке, жеке және заңды тұлғалар рұқсатнамаларына, көшелер мен автобус аялдамаларын санитариялық өңдеуге, қоғамдық көлік қозғалысына қатысты сұрақтарына жауап берді.
О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері