
Қаланың сыртқы келбеті өзгеріп келеді
Алтай қаласында қандай жобалар іске асырылатыны туралы жергілікті БАҚ журналистерімен өткен баспасөз конференциясында қала әкімінің міндетін атқарушы В.Молотков айтып берді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 5,9 км болатын қаланың 14 көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі.
Абаттандыру жобасы бойынша қалада көгалдандыру жұмыстары, орталық саябақты абаттандыру, асфальтобетонды жолдарды жөндеу, Зырян аллеясы аумағын абаттандыру, жалпы ұзындығы 5,5 км болатын жаяужолды орташа жөндеу жүргізілуде.
Жергілікті бюджет есебінен қалада көшелерді санитариялық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Гүл көшеттерін отырғызу, апатты тоғайларды кесу жүргізілуде, орталық саябақтағы ҰОС ардагерлері ескерткіштерін жөндеу жұмыстары жүргізілді.
В.Молотков баспасөз конференциясы барысында қойылған журналистердің сұрақтарына жауап берді.
О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері