
Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа жолдаған жолдауында жергілікті билік органдары және билік пен халық арасындағы диалог жұмыстарының нәтижелілігін арттыру құралы ретінде жергілікті өзін-өзі басқаруға үлкен назар аударады. «Күшті өңір – күшті ел» бөлімінде билікке қол жетімділікті жақсарту арқылы жергілікті билік органдары жұмыстарының нәтижелілігін арттыру туралы айтылады.
Жергілікті кеңестер – бұл өзіңнің елді мекеніңнің өміріне араласу, жергілікті мәселелерді шешу, бюджетті талқылау және бүкіл өмір сүру жағдайын жақсарту.
Алтай қаласында жергілікті қоғамдастықтың бірінші отырысы өтті, отырыста аудан әкімі К.Байгонусов Алтай қаласының әкімі лауазымына кандидаттармен таныстырды. Басқа да ағымдағы мәселелер қаралды. Отырыс барлық санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өтті.
О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері