
Соловьево ауылында жағалауды бекіту жұмыстары – Березовка өзенінің жағалауын шайылудан және бұзылудан сақтау мақсатында жағалауды бұзылудан сақтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
2018 жылғы көктемде Соловьево ауылындағы осы кішкене өзен тұрғындарға көп проблемалар тудырған. Березовка өзенінің деңгейі күрт көтеріліп, жеке сектордағы бірнеше ауланы су басып қалды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының арқасында биыл су тасқыныныа қарсы іс-шараларды жүргізу және осы проблемамен түпкілікті айналысу мүмкіндігі болды.
«Соловьево а. Березовка өзенінде түпті тереңдету, жағабекіту жұмыстары» жобасын «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша "ВостокПодводЦентр" ЖШС мердігерлік ұйымы іске асыруда. Осы учаскедегі жұмыстар аудан әкімі К.Байгонусовтың жеке бақылауында, жұмыс шілденің аяғына дейін жүргізіледі.
О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері