
Жаңа Бұқтырма кентінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр.
Мамыр айынан бері «Алаш Курылыс КЗ» ЖШС (П. Айтенов) мердігері №2 ЖБОМ шатырын жөндеу жұмыстарын жүргізуде, осы ұйым Мәдениет үйін жөндеумен де айналысуда.
Қазандық ғимаратындағы тізбекті ЦС-400 элеваторын ағымдағы жөндеуді «Перспективная технология» ЖШС (Токтархан Расул) жүргізуде.
«Визит Групп» ЖШС ( Е.Плотников) бірден екі жобаны іске асыруда: Жаңа Бұқтырма кентіндегі сорғы стансасының шатырын және тазартқыш құрылымдардың шатырын жөндеумен айналысуда.
Осы жобалар бойынша барлық жұмыстарды жаздың соңында аяқтау жоспарлануда.
О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту орталығының әдіскері