
Северное ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. 2020 жылы 26 маусымда шаруа қожалықтарының, жеке кәсіпкерлердің өкілдерімен жалақы, зейнетақы және басқа да төлемдер төлеудің «ашықтығы» туралы әңгіме өткізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері қозғалды. Қатысушылар қазіргі уақытта басшылар жұмысты ресми ресімдеуді қалайтынын атап өтті, себебі бұл жұмыс істеушілердің жауапкершілігін, халықтың өмір сүру сапасын арттырады.
Северное ауылдық округінің әкімі Р.Мусоболинова