Менің ауылым көне әрі жас

Менің ауылым көне әрі жас

«Ауылда 400 аула болды. Ауылдың ортасында православиелік шіркеу тұрды, оған Тұрғысыннан, Крестовкадан, Осиновкадан, Никольскіден діни қауым мүшелері келетін. Снегирево а. тұрғындары үздіксіз еңбектің арқасында, Құдайға сыйынып, заңға және арға үйлесіп, лайықты өмір сүрді».

Тарихи құжаттарда осылай жазылған.

Биыл Снегирево а. құрылғанына 320 тыл толады. Аудан тұрғындары қандай керемет ауыл болғанын біледі, енді оның жылдан жылға кішірейіп бара жатқанына қынжылады.

Қазір де Снегирево ауылының сол тұрғындарының ұрпақтары өз еңбектерінің арқасында өмір сүруде. Виктор Литуев бақсаратын «Снегиревское» ЖШС аяғынан нық тұр. Шаруашылықта жергілікті тұрғындар қатарынан құралған ұжым 15 жыл бойы алқаптарда егін өсіріп, мал шаруашылығымен айналысып тату-тәтті еңбектеніп келеді. Снегиревоның адамдары байсалды және еңбекқор, әр түрлі сотқарлыққа уақыттары жетпейді. Ауылда шіркеу болған, қазір ол облыс орталығындағы мұражайда. Биыл ауыл тұрғындары бұрынғы және қазіргі кішкене шіркеуді барлығы жұмылып салуда, балалар алаңын жабдықтайды. Ауыл өмірі жалғасуда, ал оның тұрғындары Алтай ауданының ауыл шаруашылығының дамуына лайықты үлес қосуда.

О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту орталығының әдіскері