«Ұлы дала шежіресі» халық шығармашылығының аудандық қашықтық фестивалі

«Ұлы дала шежіресі»  халық шығармашылығының  аудандық қашықтық фестивалі

25 маусымда Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 - жылдығы аясында Алтай ауданының "Горняк" МБУО" КМҚК "Ұлы дала шежіресі" түркі мәдениетінің онлайн-фестивалін өткізді. Фестиваль қатысушылары түркі халықтарының мәдени мұралары: музыкалық шығармашылық дәстүрлері (халық аспаптары, музыкалық шығармалар), дәстүрлі ұлттық тағамдар, халық ойындары ұсынылған бейнероликтер дайындады.

Фестиваль аясында Алтай ауданы Достық үйінің қазақ орталығында тікелей эфир өткізілді. Эфир қонақтары: "Ата дәстүр" қазақ мәдени орталығының жетекшісі Ф.Тауданбекова, "Горняк" МБУО "Prestisimo" вокалдық студиясының жетекшісі А. Екпін, сондай-ақ вокалдық студияның тәрбиеленушілері болды.

Іс - шара әлеуметтік желілерде кең резонанс алды, оған дәлел - дауыс санының көптігі, көрермен оқырмандардың оң пікірлері.

 

«Алтай ауданының «Горняк»

МБУО» КМҚК SMM-маманы А.А. Пашкевич