
Прибрежный кенті әкімінің төрағалық етуімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша тұрғындармен кездесу өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес Прибрежный кентінің әкім аппаратындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және көлеңкелі экономика бойынша қабылданған шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесінің жағдайы жөніндегі мәселелер қаралды.
Осылай, Прибрежный кенті әкімінің айтуы бойынша ауданда және толық елімізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бойынша кешенді іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша Прибрежный кентінің әкім аппаратында Прибрежный кентінің әкімі Ерік Ерболатұлының баяндамасы тыңдалды.
Кент әкімі өзінің баяндамасында, 2019 жылы азаматтардың құқығын бұзу мәселелері бойынша азаматтардан арыздардың түспегенін айта кетті.
Және де Ерік Ерболатұлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі аудан басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы үшін жауапкершілік аудан басшылығындағы мекемесі болмасын, және же салалық бөлімше болмасын бірінші басшыға жүктелетінін ерекше атап айта кеткім келеді», - деп Е. Ерболатов сөзін аяқтады.