
Алтай қаласында абаттандыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Орталық саябақ әлдеқашан өзінің сыртқы кескінін өзгерте бастады: мердігерлер ескі ағаштарды кесіп, жаяужолдарды жөндеп, жиектастар орнатуда.
16 маусымда аудан әкімі К.Байгонусов қаламызға арнайы шақырылған сәулетшілермен тағы да кездесті.
Саябақ аймағы мен қала орталығын аралаған кезде саябақты жаңартудың болашақтағы жобасының барлық егжей-тегжейі анықталды.
О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері