Еңбек десанты жұмысын бастады

Еңбек десанты жұмысын бастады

"Жасыл Ел" жастар еңбек қозғалысы Қазақстанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша басталды. Жастардың жұмыстары тек қана экологияны жақсартуға, орман алқаптары мен жасыл желекті қорғауға бағытталған жоқ, ол еңбекке баулуға да бағытталған. Туған өлкеге қамқорлық арқылы патриотизм мен азаматтық шынығу тәрбиеленеді.

16 маусымнан бастап Алтай ауданында «Жасыл ел» жасағының балалары жұмысқа кірісті. Алтай қаласынан 39 сарбаз, Малеевка ауылдық округінен 5 және Соловьево ауылдық округінен 8 сарбаз жұмысқа тартылды. Қала мен ауылдық округтерді абаттандыруға жаз мезгілінде барлығы 200 сарбаз жұмыс істейді.

Жастар қозғалысын жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінді.

О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері