
Соловьево ауылдық округінде 2020 жылғы 10 маусымда ауыл активтерімен, жастар ұйымымен және Ардагерлер кеңесімен «Сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның қолданылу аясы» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Әкім сыбайлас жемқорлық тақырыбына қысқаша тоқталды, сыбайлас жемқорлық дегеніміз - лауазым иелерінің жеке басын байыту үшін пайдаланудан тұратын қылмыстық іс-әрекеті, ол негізінен кейбір лауазымды тұлғалардың моральдық нормаларды ескермеуінде және мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік қызметтің қызығушылығына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы қызметке қарсы бағытталған өзімшілдік немесе жеке басының мүдделерін көздейтін әрекеттерде көрініс табады.
Соловьево ауылдық округінің әкімі М.Тюлюбаев