ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алтай қаласында болып қайтты.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алтай қаласында болып қайтты.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алтай қаласында болып қайтты.

Облыс басшысы жұмыс сапары барысында қаланың медицина мекемелерінде, №11 орта мектепте болып, аулалардың абаттандырылуын тексерді.

Даниал Кенжетаевич қаланың медицина мекемелерінің бүгінгі күні айтарлықтай өзгергенін белгіледі.Қазір кардиология орталығының құрылысы мен жабдықталуы аяқталып келеді. бұның барлығы Алтай ауданына және жақын орналасқан көршілес аудандарға ыңғайлы болу үшін жасалады. Алтай қ. емханасын да жөндеу жоспарлануда. Мектеп мекемелері де назардан тыс қалмады. Д. Ахметов бүгінгі күні қызу жөндеу жұмыстары жүріп жатқан №11 мектепте болып қайтты. Төбені жөндеу және терезелерді ауыстыру жоспарлануда.

Биыл облыс бюджетінен Алтай қ. аула аумақтарын абаттандыруға қосымша қаражат бөлінді. Д. Ахметов жөнделген аулалалардың бірін барып көрді. Облыс басшысы ауланың жағдайына, ескі металл құрылымдарға және сәкілерге қатысты бір қатар ескерту жасады. Мердігерге соған көңіл аударуды тапсырды.