Бейбіт жиналыстар өткізу тәртібін реттеу туралы

Бейбіт жиналыстар өткізу тәртібін реттеу туралы

Бейбіт жиналыстар өткізу тәртібін реттеу туралы

 

«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыс ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу  тәртібі осы шешімге сәйкес реттелсін.
  2. Зырян ауданы мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 54/3 - VI «2019 жылғы 26 ақпандағы Алтай ауданы мәслихатының "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 45/4-VI   шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6227 тіркелді, 2020 жылғы 18 29 қазанда электрондық түрде Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланды) өзгертулер енгізу туралы» шешімі күшін жоғалтты деп танылсын.
  3. Осы шешім ресми түрде бірінші жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы

Алтай ауданы

мәслихатының хатшысы                                       Л. Гречушникова

 

Алтай ауданы мәслихатының

2020 жылғы ___ маусымдағы

№ ___/__-VI шешіміне қосымша

 

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттеу

  1. Бейбіт жиналыстар өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледі.
  2. Алтай қаласында бейбіт жиналыстар өткізетін жерлер – Мәдениет Орталығы алаңы;
  3. Шерулер мына маршрут бойынша өтеді:

Алтай қаласында - қаланың орталық алаңынан бастап Тәуелсіздік көшесі бойымен Мәдениет Орталығына дейін.

  1. Бейбіт жиналыстарды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
  2. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
  3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды айқындаған және оларды пайдалану тәртібін белгілеген кезде бейбіт жиналыстардың мақсатына қол жеткізу мүмкіндігі, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды әкімшілік-аумақтық бірліктердің орталық және өзге де бөліктерінде белгілеу, ұйымдастыру ыңғайлылығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың инфрақұрылым объектілерін пайдалану мүмкіндігі, санитариялық нормалар мен қағидаларды сақтау, бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың, басқа да адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс.
  4. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
  5. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
  6. Пикеттеуді өткізуге:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда.

  1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

  1. Іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға:

1) әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыру, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзуға үндеулер;

2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;

3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге;

4) қоғамдық тәртіпті және бейбіт жиналыстар қатысушыларының қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуге жеке күзет ұйымдарын тартуға;

5) жергілікті атқару органдарының келісімінсіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуға;

6) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге;

7) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға;

8) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға;

9) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған нышанды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған террористік немесе экстремистік ұйымдардың нышанын, иллюстрациялық материалдарын пайдалануға.

  1. Ұйымдастырушысыз немесе ұйымдастырушы өкілінсіз бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді.
  2. Пикеттеу, жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға өткізілетін күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында береді.
  3. Хабарламаның жергілікті атқарушы органда тіркелген күні бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны беру күні болып табылады.
  4. Бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламада:

      1) бейбіт жиналыстың мақсаты;

      2) бейбіт жиналыстың нысаны;

3) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы азаматының, оның өкілінің (болған кезде) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері немесе уақытша болатын (тұратын) жері не бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері;

      4) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын, пикеттер үшін – өткізу орны;

      5) бейбіт жиналыстың басталатын және аяқталатын күні, уақыты;

      6) қатысушылардың болжамды саны;

      7) киіз үйлер, шатырлар мен өзге де құрылысжайлар орнату туралы мәліметтер;

      8) осы Заңда көзделген жағдайларда дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын пайдалану ниеті;

      9) пикеттеуді қоспағанда, ұйымдастырушы бекіткен бейбіт жиналыстар өткізу регламенті;

      10) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының, оның өкілінің (болған кезде) электрондық пошталық мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі;

11) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының, оның өкілінің (болған кезде) хабарламада көрсетілген өз дербес деректерін жинауға, өңдеуге келісімі;

      12) бейбіт жиналыстар өткізуді қаржыландыру көздері;

13) бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаның берілген күні және ұйымдастырушының немесе оның өкілінің (болған кезде) қолтаңбасы көрсетіледі.

  1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
  2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:

     1) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;

2) қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;

3) шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.

  1. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.