
Балалық – әр адам өміріндегі ғажайып кезең, жарқын бояулар мен армандарға толы тамаша әлем. Біздерге, ересектерге, бұл мереке біздің әр бала үшін жауапты екенімізді және олардың өмірге жақсы бастау алуы үшін барлық мүмкіндікті жасау керектігімізді еске салады.Балаларға қамқор болу, олардың құқықтарын, өмірлерін, денсаулықтарын қорғау, жақсы дамулары үшін жағдай жасау ауданымыздың әлеуметтік саласының басым бағыттарының бірі болып табылады. Балаларымыздың оқуда, спортта және шығармашылықта өз қабілеттерін іске асыру мүмкіндіктері болғаны қуантады. Олардың көпшілігі ауданымызды облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда ойдағыдай көрсетуде. Өзінің қызметінің түрі бойынша балалардың дамуына көмектесіп, олардың рухани дүниесін байытып жүрген жандардың барлығына алғысымды білдіремін. Жаздың осы алғашқы күні, балалар, сіздерге сәттілік және табыстар, көңілді демалыс, жаңа достар, бақыт, қуаныш және денсаулық тілеймін!