15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

Жоспар бойынша ең бірінші болып отбасының жағымды бейнесі, отбасылық тәрбие мәселелері тұруы тиіс отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жобаларға ерекше назар аудару қажеттілігі көрсетілген "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын және мерекенің мақсатын іске асыру аясында, Средигорное ауылының МҮ "Туған үйдің жылуы мен жарығы" акциясы өтті.

Мәдениет үйінің әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында акция қатысушылары  өздерінің отбасылары, отбасылық мерекелері және дәстүрлері туралы баяндайтын бейнероликтер орналастырды. Роликтердің авторлары әр отбасын шығармашылық және креативті ұсына білді. Барлық роликтердің мәні: адамның бақыты отбасында екендігі.

Отбасы - жаңа ұрпақты тәрбиелеп өсіреді. Әр адам өмір бойы бағалап өтетін отбасы құндылықтарды құрады. Отбасы, мемлекеттің негізі ретінде Мәңгілік Ел құрудың басты жасампаз күші болып табылады. Ежелгі қазақ даналығында былай делінген екен: "Мемлекет - бұл үлкен отбасы, ал отбасы - бұл кішкентай мемлекет, және ол махаббатпен сақталады".

Елена Куковская, клубтың жаппай іс-шаралар режиссері