
Алтай қаласының "Горняк" МБУО "Зыряночка" үлгілі би ансамблі "Вдохновение" онлайн - байқауының X-Халықаралық сырттай іріктеу турына қатысып, III - орынға ие болды. Ұжым 2020 жылдың күзінде Казань қаласында өтетін іріктеу турының жартылай финалына қатысуға шақырылды. Байқауға Германия, Қытай, Эстония, Словакия, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, ДНР, ЛНР, Өзбекстан және Ресей елдерінен барлығы 2955 өтінім келіп түскен. Біз сендерді мақтан тұтамыз және шын жүректен құттықтаймыз.
«Алтай ауданының «Горняк» МБУО» КМҚК әдістемелік орталығы