Мектептерде жөндеу басталды

Мектептерде жөндеу басталды

2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Алтай ауданының білім беру ұйымдарында 17 жоба жүзеге асырылуда. Алтай ауданының әкімі  К.Байгонусов  бір қатар мектептерге барып, жұмыстың қазір қандай кезеңі жүріп жатқанын көрді.

В средней школе № 9 орта мектепте "Новатор-5" ЖШС мердігер ұйымы спорт залы шатырының ағымдағы жөндеуін жүргізуде. Бүгінгі күні итарқалық жүйе,шатыр торламасы жасалып қойды. Металл профильден шатыр құрылысы жасалуда. "Алтай қаласының №7 орта мектебі" КММ-де шатырды ағымдағы жөндеу жоспарлануда. Жұмысты ТОО "ЖЕЕБ" ЖШС мердігер ұйымы жүргізетін болады. Қазір құрылыс материалдары әкелінуде.

Сонымен қатар бұл мектепте жылыту жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Подрядная организация ТОО "Jenis Group" ЖШС мердігер ұйымы жұмысқа әлдеқашан кірісіп кетті, жылыту құбырларын бөлшектеу орындалуда.

Алтай қаласының БЖСМ ғимаратының желдеткіш сорғыш жүйесінің ағымдағы жөндеуін "Central Asia Industrial Company"ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырады.

Аудан әкімі аталған объектілер бойынша аудан әкімінің орынбасары М. Сахариевке бір қатар ескертулер мен тапсырмалар берді.

 

О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері