Босаңсудың керегі жоқ

Босаңсудың керегі жоқ

Алтай ауданы әкімінің орынбасары Т.Жигитаев жергілікті БАҚ журналистерімен кездесті.

Кездесу барысында ол ТЖ режимінің алуына қарамастан өңірдегі карантин 11 мамырдан кейін де әрекет ететінін баса айтты.

Тимур Мамырканович ауданымызда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қандай шаралар қабылданатынын айтып берді.

 - Бұл шаралардың барлығы бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіздігі үшін маңызды. Қырағылықты жоғалтпау керек, бетперде режимін, басқа да талаптарды сақтауды жалғастыру керек. Ең алдымен – өзін-өзі оқшаулау және өзіндік тәртіп, - деп белгіледі Т.Жигитаев.

Т.Жигитаев сонымен қатар журналистердің абаттандыруға қатысты сұрақтарына да жауап берді.

 

О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері