Кешенді олимпиада

Кешенді олимпиада

2020 жылғы сәуір айында 5-6 сынып оқушыларына арналған облыстық кешенді олимпиада өтті. Олимпиада  математика және жаратылыстану  бағытында қашықтықтан өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты - дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, аймақтың олимпиадалық резервін қалыптастыру жүйесін жетілдіру.

Олимпиадаға Алтай ауданынан мектеп - лицейі, № 6 орта мектеп, № 9 орта мектеп, № 8 орта мектептен алты оқушы қатысты.   Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша - №6 мектептің 6-сынып оқушысы Воробьева Татьяна-1 орын, № 9 мектептің 6-сынып оқушысы Халихан Муаммедхан - 2 орынға ие болды.  

«Алтай ауданының білім,  дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ әдіскері  Ф. Амисолтанова